Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Депутаттар құрылыс объектілерінде болды
17-06-2021 11:25
Депутаттар құрылыс объектілерінде болды

Облыстық мәслихаттың құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Александр Терентьев өзінің депутат-әріптестері Павел Ярошенко мен Гүлнара Қайдаровамен бірге Жетекші ауылындағы шағын орталығы бар 300 орындық мектептің құрылысы, Шақат-Восточное-Шалдай автожолы және ЖМ-42 магистралінің құрылысы салынып жатқан нысандарды аралады. Депутаттар жол салу және жылу магистралінің құрылыс жұмыстары жақсы, оңды жүріп жатқанын атап өтті. Объектілерді қаржыландыру толық көлемде шешілді, қажетті материалдар сатып алынды және кадрлық әлеуетпен қамтамасыз етілді. Мердігер ұйымдардың басшылары нысандарды мерзімінде тапсыруды жоспарлап отыр.

Жетекші ауылындағы мектептің құрылысы бойынша «Мехколонна №59» мердігеріне көптеген шағымдар айтылды. «Мектепте білікті жұмысшылар жетіспейді, басқа жабдықтарға тапсырыс берілмеген. Мектепке қажетті барлық құрал-жабдықтарға жарты жыл бұрын тапсырыс беру қажет болды. Қазір материалдардың қымбаттауы орын алды. Ешкім Сіздерге жұмыс істеу үшін жақсы жағдайлар жасамайды. Мектепті уақытында ашу үшін құрылыс қарқынын арттыру қажет. Облыс орталығынан құрылысшыларды тартып, оларға тасымалдау, тамақтану және жалақы үшін жақсы жағдай жасау керек. Сіздің жағымсыз әрекетіңізден барлық  құрылысшылар туралы қоғамдық пікір қалыптасады", - деп атап өтті комиссия төрағасы Александр Терентьев.

Облыстың барлық құрылыс объектілері депутаттық бақылауда тұр.