Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
ДЕПУТАТТАРДЫҢ ЖЕТЕКШІ АУЫЛЫНА ШЫҒУЫ
26-05-2021 17:23
ДЕПУТАТТАРДЫҢ ЖЕТЕКШІ АУЫЛЫНА ШЫҒУЫ

Облыстық мәслихат депутаттары облыстық мәслихат хатшысы Ернұр Айткенов пен бірге Александр Терентьев, Серік Садвақасов және Павел Ярошенко Жетекші ауылына барып, онда салынып жатқан 100 орындық шағын орталығы бар 300 орындық мектептің құрылысын аралады. Депутаттармен бірге облыс және Павлодар қаласының құрылыс басқармасы мен бөлімінің басшылары шықты. Бұл объекті депутаттық бақылауда тұр.  

Бұған дейін депутаттар ағымдағы жылғы сәуірдің 15-і мен 30-ы күндері осында болып, кестеден артта қалу, еңбек ресурстарының жетіспеушілігі және жұмыстардың әлсіз ұйымдастырылуы жөнінде ескертулер жасаған болатын. Бұл жолы да жағдай жақсармаған. Облыстық мәслихаттың құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Александр Терентьев көргеніне былай деп түсініктеме берді: «Бұл құрылысты жете мұқият тексеріп қарастыру қажет. Объектіде барлығы 50-60 адам жұмыс істейді, ал негізінде 200-ден кем болмауы тиіс. Сонымен қоса, құрылыс материалдары жетіспейді. Оларды бірнеше ай бұрын сатып алу керек еді. Қазір олар кем дегенде 25-30 пайызға қымбаттады. Сонымен қатар, мектепті абаттандырумен және қоршаумен айналысу керек еді. Егер жағдай түбегейлі өзгермесе, онда 1 қыркүйекке дейін мектеп пайдалануға берілмейді. Қазір түбегейлі шаралар қолдану қажет, тіпті Шартты бұзуға дейін», - деп атап өтті депутат.

Депутаттар облыс әкімдігімен бірлесіп, бас мердігерді шақырып, қалыптасқан жағдайды анықтауға ниет білдіріп отыр.