Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Павлодар облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 534/44 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
12-05-2021 15:08

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 534/44 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7101 болып тіркелген, 2020 жылғы 22 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған)келесі өзгерістеренгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 315161850 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 46711889 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 2876611 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – нөлге тең;

трансферттер түсімі – 265573350 мың теңге;

2) шығындар – 320191147 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 6739890 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 14269181 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 7529291 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –  279157 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 282157 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 3000 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -12048344 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 12048344 мың теңге.»;

2) көрсетілген шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«2. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2021 жылға келесі мөлшерлерде үлестіру бекітілсін:

1) корпоративтік табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу,Павлодар, Екібастұз қалаларына – 100 пайыз, Железин ауданына – 9,9 пайыз;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларына –   100 пайыз;

3) төлем көзінен салық салынатын табыстардан және шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына – 100 пайыз, Ақсу – 72 пайыз, Павлодар – 50 пайыз, Екібастұз қалаларына – 46 пайыз;

4) әлеуметтік салық бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына – 100 пайыз, Ақсу – 72 пайыз, Павлодар – 50 пайыз, Екібастұз қалаларына – 46 пайыз.»;

3) көрсетілген шешімнің 3-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«3. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден облыстық бюджетке салықтардан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2021 жылға келесі мөлшерлерде үлестіру белгіленсін:

  1. корпоративтік табыс салығыбойынша Железин аудандық бюджетінен – 90,1 пайыз;

2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан және шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша:

Ақсу – 28 пайыз,Павлодар – 50 пайыз, Екібастұз қалаларынан –   54 пайыз;

3) әлеуметтік салық бойынша:

Ақсу – 28 пайыз,Павлодар – 50 пайыз, Екібастұз қалаларынан –    54 пайыз.»;

4) көрсетілген шешімнің 7-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«7. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер келесі мөлшерлерде қарастырылғаны ескерілсін:

347932 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға;

86262 мың теңге – мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге;

1203043 мың теңге – көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;

1443230 мың теңге – аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына және елді мекендердің көшелеріне күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жүргізуге;

322680 мың теңге – коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шаралар өткізуге;

121885 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

249324 мың теңге – шағын және орта бизнес субъектілерінің салықтық жүктемесін төмендетуге байланысты шығыстарды өтеуге.»;

5) көрсетілген шешімнің 8-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«8. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері келесі мөлшерлерде қарастырылғаны ескерілсін:

444659 мың теңге – коммуналдық шаруашылықты дамытуға;

746662 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға немесе жайластыруға;

2871030 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуға немесе реконструкциялауға;

2365320 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау жүйесін дамытуға;

1855096 мың теңге – сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

2512653 мың теңге – жылу-энергетикалық жүйені дамытуға;

546819 мың теңге – Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға;

55115 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға;

226586 мың теңге – моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға;

170228 мың теңге – «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға.»;

6) көрсетілген шешімнің 11-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«11. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кредит беру келесі мөлшерлерде көзделсін:

1597058 мың теңге – мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін;

4701291 мың теңге – тұрғын үй жобалауға немесе салуға;

6308720 мың теңге – 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржыландыру үшін.»;

7) көрсетілген шешімнің 1, 2, 4-қосымшалары осы шешімнің   1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

 

Павлодар облыстық мәслихатының сессия төрағасы

 

К. Абишев

Павлодар облыстық мәслихатының хатшысы

 

Е. Айткенов

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 23.04.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 7262 болып енгізілді

 

Результаты согласования

Павлодарский областной маслихат - руководитель правового отдела Альмира Шайхислямовна Кусаинова, 23.04.2021 10:45:23, положительный результат проверки ЭЦП

Павлодарский областной маслихат - Секретарь Павлодарского областного маслихата Ернур Нурмуханович Айткенов, 23.04.2021 10:46:34, положительный результат проверки ЭЦП

Павлодарский областной маслихат - Председатель сессии Павлодарского областного маслихата Кайрат Сансызбаевич Абишев, 23.04.2021 10:47:09, положительный результат проверки ЭЦП

Республиканское Государственное учреждение «Департамент юстиции Павлодарской области Министерства юстиции Республики Казахстан» - Руководитель департамента юстиции Павлодарской области Маржан Имятовна Имятова, 23.04.2021 15:50:05, положительный результат проверки ЭЦП