Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Депутаттар денсаулық сақтау мәселелерін қарастырды
05-04-2021 16:03
Депутаттар денсаулық сақтау мәселелерін қарастырды

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының Динара Айтжанованың төрағалығымен өткен отырысында облыс тұрғындарын сапалы медициналық қызметтермен және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Өңірдің денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы С. Арыстанованың ақпараты бойынша ағымдағы жылдың 31 қаңтарына облыста 324 медициналық объекті жұмыс істеді, оның ішінде 36 заңды тұлға, 18 ауруханалық ұйым, төсек-орын қоры бар 2 диспансер және психикалық денсаулық орталығы, 8 амбулаториялық-емханалық ұйым және 7 өзге медициналық ұйым. Медициналық техникамен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықталу деңгейі 84,6% құрады. Бүгінгі күні облыс бойынша дәрігерлік кадрларға жалпы қажеттілік - 133 дәрігер. 2020 жылы ауылға жұмыс істеуге келген 75 маманға жалпы сомасы 20 619,1 млн.теңгеге әлеуметтік пакет ұсынылды. Ауылға жұмыс істеуге келген 54 маманға бюджеттік кредит берілді. Ақсу және Екібастұз қалаларының әкімдіктері 44 маманға ведомстволық тұрғын үй берді. Мәселені талқылау барысында комиссия аймақтың қазіргі уақытта жетіспейтін бейінді медицина кадрларымен - невропатологтармен, неонатологтармен, кардиологтармен қамтамасыз етілуіне және осы мәселені шешу жолдарына назар аударды. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ғана ем алуға болатын, ерекше емдеу әдістерін талап ететін орфандық аурулармен ауыратын науқастарға медициналық қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Депутаттар ауылдық жерлердегі денсаулық сақтау мәселелеріне: медициналық мекемелердің күрделі жөндеу және жаңа ғимараттар салу қажеттілігіне, ауылға жұмысқа жіберілген медицина қызметкерлерін қолдау шараларын дамытуға назар аударды.

Депутаттар жүйке жүйесі ауруларынан (эпилепсия) зардап шегуші балаларды дәрілік заттармен қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алуды өткізу күніне қарамастан күнтізбелік жылға пациенттерді дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударды. Комиссия бұл мәселені Павлодар облыстық мәслихатының таяудағы сессиясында қарау туралы қорытынды берді.