Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Жастарды қолдау- өңірдің даму прогресіне салынған инвестиция
01-04-2021 11:01
Жастарды қолдау- өңірдің даму прогресіне салынған инвестиция

Депутат Динара Айтжанованың төрағалығымен өткен Павлодар облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында жастар саясаты мәселелері қаралды: мемлекеттік жастар саясатын орындау, жастарды, оның ішінде NEET санатын  (not in Education, Employment, or Training - оқымайтын, жұмыс істемейтін және өз біліктілігін арттырмайтын, заңнамада белгіленген жастағы жастар) жұмысқа орналастыру мәселелері, білім беру, рухани-адамгершілік тәрбие беру және жас отбасылар үшін отбасылық құндылықтарды нығайту, волонтерлікті дамыту мәселелері.  

Заманауи инновациялық жастар алдағы реформалардың негізгі стратегиялық ресурсы және локомотиві бола отырып, өңірдің қоғамдық және саяси өміріне белсенді қатысуда.                                                               

«Облыс ақпарат және қоғамдық даму басқармасы»  ММ басшысының орынбасары Руслан Тілеулесовтың ақпараты бойынша облыста 14-29 жас аралығындағы 134 726 жас тұрады, бұл облыс халқының жалпы санының 18,5%-ын құрайды. NEET жастарының үлесі - 4,9% болып отыр. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,2%-ды құрады, өткен жылмен салыстырғанда 0,1%-ға төмендеді.                                                       

Еңбек нарығын дамыту және жастардың өмір сүру деңгейін арттыру бойынша қосымша шаралар қабылдау мақсатында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, оның шеңберінде жұмыспен қамту шараларымен жастар арасынан 6 954 адам, «Бастау – Бизнес» жобасы бойынша 508 адам қамтылды.  Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 2 109 студент жұмысқа орналастырылды. Бос жұмыс орындарына жастар арасынан 5 260 адам жұмысқа тұрғызылды. Жазғы кезеңде «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының облыстық штабының жұмысы 14 бағыт бойынша үйлестірілді. Ағымдағы жылы жастар арасынан 2 100 адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда.

Сонымен қатар,«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі республикалық  Жол картасында 362 іс-шара қарастырылған, оның 20-дан астамы жастарды қолжетімді білім алуда қолдауға, жұмыспен және тұрғын үймен қамтамасыз етуге, жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне тартуға, жастар бастамаларын қолдауға бағытталған.  

«Nur Otan» партиясының облыс бойынша сайлауалды бағдарламасына жастар саясаты саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде іс-шаралар өткізу енгізілді, бұл 2025 жылға қарай жастардың кемінде 15 мың өкілін жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.                             Комиссия NEET санатындағы жастардың жұмысқа орналасу мәселелерін қарастырды және облыс ақпарат және қоғамдық даму басқармасына  NEET жастар санатының әрбір тобы үшін әлеуметтендіру және жұмысқа орналастыру бойынша жеке іс-қимыл жоспарын әзірлеуді,  жастар практикасы бағдарламасы бойынша жастарды жұмысқа орналастыруды жандандыруды, пандемия кезеңінде жастарды еңбек бірлестіктерінің, студенттік жасақтардың, жастар еңбек биржаларының және жұмыспен қамтудың басқа да нысандарының қызметіне тарту бойынша қолдау шараларын қабылдауды ұсынды.