Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Игі істер марафонынан
30-03-2021 17:50
Игі істер марафонынан

Ағымдағы жылғы 30 наурызда «Қайырымдылық істер марафоны»  жалпыұлттық қайырымдылық жобасы аясында Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, «Ауыл» ХДПП төрағасы Болат Аманжолов Павлодар қаласында жалғызілікті және жалғыз тұратын қарт адамдар мен мүгедектерге арналған «Алтын уақыт» пансионатына барды. Болат Аменұлы ата-әжелерді көктемгі «Наурыз» мерекесімен құттықтап, 30 азық-түлік жиынтығын табыс етті. 

Бұл пансионат 2015 жылдың мамыр айынан бастап жұмыс істейді және «САМАЛ» оңалту орталығы» қоғамдық мүгедектер бірлестігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Оның негізгі қызметі - қызмет алушылар үшін жасына және денсаулық жағдайына неғұрлым сәйкес келетін, үйдегіге жақындатылған тұрмыс-тіршілік жағдайларын жасау, олардың жеке тұлғалық даму, әлеуметтену және интеграция деңгейін арттыру. Пансионат өз қызметін стационар режимінде сыйымдылығы аз үй үлгісінде жүзеге асырады, онда 30 жалғызілікті және жалғыз тұратын қарт адамдар мен мүгедектер тұрады.