Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
535/44 Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 423/36 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
21-12-2020 19:25

Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы

«2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 423/36 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 423/36 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6665 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 247708276 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 36235346 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1454753 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 176723 мың теңге;

трансферттер түсімі–209841454 мың теңге;

2) шығындар–256300797 мың теңге;

3)таза бюджеттік кредиттеу –28262220 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 36924674 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу –8662454 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –  2475627 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 2479326 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 3699 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -39330368 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 39330368 мың теңге.»;

2) көрсетілген шешімнің 7-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«7. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер келесі мөлшерлерде қарастырылғаны ескерілсін:

2483952 мың теңге – білім беру саласындағы ағымдағы және күрделі сипаттағы шығыстарға;

164383 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға;

41445 мың теңге – мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге;

116727 мың теңге – 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың әлеуметтік төлемдеріне;

541152 мың теңге – коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шаралар өткізуге;

2636 мың теңге – бруцеллез ауруына шалдыққан, санитариялық
союға жіберілетін ауыл шаруашылығы малдарының құнын иелеріне өтеуге;

2569667 мың теңге – көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға; 

1501113 мың теңге – аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына және елді мекендердің көшелеріне күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жүргізуге;

271146 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

66000 мың теңге – «109» бірыңғай нөмірлі қызметті ұйымдастыруға.»;

3) көрсетілген шешімнің 9-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«9. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне облыстық бағдарламалар бойынша берілетін республикалық бюджеттен                      ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі 2020 жылға келесі мөлшерлерде белгіленсін:

1476364 мың теңге – мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

7854652 мың теңге – мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

3423289 мың теңге – мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге;

1018452 мың теңге – орта білім беру ұйымдарын жан басына  шаққандағы қаржыландыруды сынақтан өткізуге;

1722877 мың теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;

1153633 мың теңге – кепілді әлеуметтік пакетке, оның ішінде төтенше жағдайға байланысты азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етуге;

216456 мың теңге – үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;

84873 мың теңге – мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге;

437762 мың теңге – мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелеріндегі басқарушылық және негізгі персоналдың ерекше еңбек жағдайы үшін лауазымдық жалақысына қосымша төлем белгілеуге;

30187мың теңге – дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік орта және қосымша білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға;

3675944 мың теңге – көліктік инфрақұрылымның басымдық жобаларын қаржыландыруға;

3036000 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс күші артық өңірлерден қоныстанғандар үшін тұрғын үйді сатып алуға;

2772750 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндееңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға;

408878 мың теңге – мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;

10412 мың теңге – мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы  жұмыс орындарын құруға арналған жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау;

2409918 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар бойынша іс-шараларды іске асыруға;

7333073 мың теңге – шағын және орта бизнес субъектілерінің салықтық жүктемесін төмендетуге байланысты шығыстарды өтеуге;

5529368 мың теңге – 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге;

943098 мың теңге – Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеуге.»;

4) көрсетілген шешімнің 10-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«10. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне облыстық бағдарламалар бойынша берілетін республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің көлемі 2020 жылға келесі мөлшерлерде белгіленсін:

838276 мың теңге – «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымды  дамытуға;

11153719 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау  жүйесін дамытуға;

5697964 мың теңге – сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

2946133 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға немесе реконструкциялауға;

2597801 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға немесе орналастыруға;

1105000 мың теңге – Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға;

2095429 мың теңге – моноқалаларда бюджеттік инвестициялық  жобаларды іске асыруға;

205001 мың теңге – жылу энергетика жүйесін дамытуға;

3879542 мың теңге – 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен  қамту жол картасы шеңберінде инфрақұрылымды және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге.»;

5) көрсетілген шешімнің 11-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«11. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне кредит беру келесі мөлшерлерде көзделсін:

11000000  мың теңге – тұрғын үй жобалауға немесе салуға;

290576  мың теңге – кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге;

1202479  мың теңге – мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін;

21989916 мың теңге – 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржаландыру үшін.»;

6) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Павлодар облыстық мәслихатының сессия төрағасы

 

А. Терентьев

Павлодар облыстық  мәслихатының хатшысы

 

Б. Бексеитова