Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
514/43 Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 423/36 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
09-11-2020 19:23

 

Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы

«2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 423/36 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты   ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 423/36 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6665 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 248156896 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 36235346 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1462753 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 176723 мың теңге;

трансферттер түсімі–210282074 мың теңге;

2) шығындар–256467260 мың теңге;

3)таза бюджеттік кредиттеу –28379939 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 37042393 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу –8662454 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо –  2757784 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 2761483 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 3699 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -39448087 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –  39448087 мың теңге.»;

2) көрсетілген шешімнің 7-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«7. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер келесі мөлшерлерде қарастырылғаны ескерілсін:

2453181 мың теңге – білім беру саласындағы ағымдағы және күрделі сипаттағы шығыстарға;

164383 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға;

41445 мың теңге – мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге;

116727 мың теңге – 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардың әлеуметтік төлемдеріне;

541152 мың теңге – коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шаралар өткізуге;

2636 мың теңге – бруцеллез ауруына шалдыққан, санитариялық
союға жіберілетін ауыл шаруашылығы малдарының құнын иелеріне өтеуге;

2569667 мың теңге – көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға; 

1501113 мың теңге – аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына және елді мекендердің көшелеріне күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жүргізуге;

271146 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

66000 мың теңге – «109» бірыңғай нөмірлі қызметті ұйымдастыруға.»;

3) көрсетілген шешімнің 8-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«8. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері келесі мөлшерлерде қарастырылғаны ескерілсін:

1934337 мың теңге – білім беру объектілерін дамытуға;

2591303 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуға немесе реконструкциялауға;

511096 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға немесе жайластыруға;

3048410 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау жүйесін дамытуға;

1135917 мың теңге – сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

1026088 мың теңге – жылу-энергетикалық жүйені дамытуға;

105183 мың теңге – коммуналдық шаруашылықты дамытуға;

128656 мың теңге – «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға;

94014 мың теңге – спорт объектілерін дамытуға;

159001 мың теңге – Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға;

99425 мың теңге – «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға;

243799 мың теңге – моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға;

37787 мың теңге – ауыл шаруашылығы объектілерін дамытуға.»;

4) көрсетілген шешімнің 9-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«9. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне облыстық бағдарламалар бойынша берілетін республикалық бюджеттен  ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі 2020 жылға келесі мөлшерлерде белгіленсін:

1435310 мың теңге – мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік ұйымдарының мұғалімдеріне еңбекақы ұлғайтуға;

199028 мың теңге – мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік ұйымдарының мұғалімдеріне біліктілік санаты үшін қосымша төлемге;

7518276 мың теңге – орта білім беру мемлекеттік ұйымдарының мұғалімдеріне еңбек төлемін ұлғайтуға;

3023710 мың теңге – орта білім беру мемлекеттік ұйымдарының мұғалімдеріне біліктілік санаты үшін қосымша төлемге;

743280 мың теңге – орта білім беру ұйымдарын жан басына  қаржыландыруды сынауға;

1752368 мың теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;

1151845 мың теңге – кепілді әлеуметтік пакетке, оның ішінде төтенше жағдайға байланысты азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етуге;

216456 мың теңге – үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыруға;

85702 мың теңге – халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік ұйымдарында арнайы әлеуметтік қызмет ұсынатын қызметкерлердің еңбекақысына қосымша төлем белгілеуге;

442685 мың теңге – мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелеріндегі  басқарушылық және негізгі персоналдың ерекше еңбек жағдайы үшін лауазымдық жалақысына қосымша төлем белгілеуге;

3321853 мың теңге –көліктік инфрақұрылымның басымдық жобаларын қаржыландыруға;

3683351 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс күші көп өңірлерден көшіп-қонушылар  үшін тұрғын үй сатып алуға;

2462287 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндееңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға;

407655 мың теңге – мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету мен тұрмыс сапасын жақсартуға;

10412 мың теңге – мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы  жұмыс орындарын құруға арналған жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау;

2409918 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар бойынша іс-шараларды іске асыруға;

7333073 мың теңге – шағын және орта бизнес субъектілері үшін салық жүктемесін төмендетуге байланысты шығындарды өтеуге;

5529368 мың теңге – 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге;

1528200 мың теңге – Қазақстан Республикасында төтенше жағдай режимінде коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша халықтың төлемдерін өтеуге.»;

5) көрсетілген шешімнің 10-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«10. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне облыстық бағдарламалар бойынша берілетін республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің көлемі 2020 жылға келесі мөлшерлерде белгіленсін:

838276 мың теңге – «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымды  дамытуға;

10907719 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау  жүйесін дамытуға;

6709811 мың теңге – сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

2946133 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үй салуға немесе реконструкциялауға;

3035112 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға немесе орналастыруға;

1105000 мың теңге – Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға;

2095429 мың теңге – моноқалаларда бюджеттік инвестициялық  жобаларды іске асыруға;

335765 мың теңге – жылу энергетика жүйесін дамытуға;

3879542 мың теңге – 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен   қамту жол картасы шеңберінде инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге.»;

6) көрсетілген шешімнің 1, 2, 3-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Павлодар облыстық мәслихатының сессия төрағасы

 

М. Бугубаев

Павлодар облыстық  мәслихатының хатшысы

 

Б. Бексеитова