Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
463/40 Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 423/36 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
23-04-2020 19:19

Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы

«2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 423/36 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 108-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты   ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 423/36 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6665 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 242414254 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 32487565 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 767539 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 170061 мың теңге;

трансферттер түсімі–208989089 мың теңге;

2) шығындар–247972343 мың теңге;

3)таза бюджеттік кредиттеу –31783494 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 39716440 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу –7932946 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 2760821 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 2761483 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 662 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -40102404 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 40102404 мың теңге.»;

2) көрсетілген шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«2. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2020 жылға келесі көлемдерде үлестіру бекітілсін:

1) корпоративтік табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларына – 100 пайыз, Железин ауданы – 9,9 пайыз;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларына – 100 пайыз;

3) төлем көзінен салық салынатын табыстардан және шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына – 100 пайыз, Павлодар қаласына – 50,4 пайыз, Екібастұз қаласына – 82,3 пайыз;

4) әлеуметтік салық бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына – 100 пайыз, Павлодар қаласына – 50,4 пайыз, Екібастұз қаласына – 82,3 пайыз.»;

3) көрсетілген шешімнің 3-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«3. Қалалық бюджеттерден облыстық бюджетке салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2020 жылға келесі көлемдерде үлестіру бекітілсін:

1) Железин аудандық бюджетінен корпоративтік табыс салығы бойынша – 90,1 пайыз;

2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан және шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша:

Павлодар қаласынан – 49,6 пайыз, Екібастұз қаласынан – 17,7 пайыз;

3) әлеуметтік салық бойынша:

Павлодар қаласынан – 49,6 пайыз, Екібастұз қаласынан – 17,7 пайыз.»;

4) көрсетілген шешімнің 7-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«7. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер келесі көлемдерде қарастырылғаны ескерілсін:

2286954 мың теңге – білім беру саласындағы ағымдағы және күрделі сипаттағы шығыстарға;

287228 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға;

82945 мың теңге – мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге;

557604 мың теңге – коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шаралар өткізуге;

55120 мың теңге – бруцеллез ауруына шалдыққан, санитариялық
союға жіберілетін ауыл шаруашылығы малдарының құнын иелеріне өтеуге;

2543470 мың теңге – көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға; 

1397422 мың теңге – аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына және елді мекендердің көшелеріне күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жүргізуге;

269882 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

66000 мың теңге – «109» бірыңғай нөмірлі қызметті ұйымдастыруға.»;

5) көрсетілген шешімнің 8-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«8. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері келесі көлемдерде қарастырылғаны ескерілсін:

1612982 мың теңге – білім беру объектілерін дамытуға;

4089847 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуға немесе реконструкциялауға;

422806 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға немесе жайластыруға;

3027709 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау жүйесін дамытуға;

1154734 мың теңге – сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

703185 мың теңге – жылу-энергетикалық жүйені дамытуға;

111857 мың теңге – коммуналдық шаруашылықты дамытуға;

91277 мың теңге – «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға;

94014мың теңге – спорт объектілерін дамытуға;

159001 мың теңге – Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға;

100879 мың теңге – «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға;

243799мың теңге – моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға.»;

6) көрсетілген шешімнің 9-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«9. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне облыстық бағдарламалар бойынша берілетін республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі 2020 жылға келесі мөлшерде белгіленсін:

1435310 мың теңге – мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік ұйымдарының мұғалімдеріне еңбекақы ұлғайтуға;

199028 мың теңге – мектепке дейінгі білім беру мемлекеттік ұйымдарының мұғалімдеріне біліктілік санаты үшін қосымша төлемге;

7492028 мың теңге – орта білім беру мемлекеттік ұйымдарының мұғалімдеріне еңбек төлемін ұлғайтуға;

3023710 мың теңге – орта білім беру мемлекеттік ұйымдарының мұғалімдеріне біліктілік санаты үшін қосымша төлемге;

743280 мың теңге – орта білім беру ұйымдарын жан басына  қаржыландыруды сынауға;

1752368 мың теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төлеуге;

1093673 мың теңге – кепілді әлеуметтік пакетке, оның ішінде төтенше жағдайға байланысты азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтармен қамтамасыз етуге;

232249 мың теңге – үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орналастыруға;

110476 мың теңге – халықты әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік ұйымдарында арнайы әлеуметтік қызмет ұсынатын қызметкерлердің еңбекақысына қосымша төлем белгілеуге;

449151 мың теңге – мәдениет ұйымдары мен мұрағат мекемелеріндегі  басқарушылық және негізгі персоналдың ерекше еңбек жағдайы үшін лауазымдық жалақысына қосымша төлем белгілеуге;

3304580 мың теңге – көліктік инфрақұрылымның басымдық жобаларын қаржыландыруға;

3683351 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс күші көп өңірлерден көшіп-қонушылар  үшін тұрғын үй сатып алуға;

3195242 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберіндееңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға;

407655 мың теңге – мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету мен тұрмыс сапасын жақсартуға;

10412 мың теңге – мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы  жұмыс орындарын құруға арналған жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау;

2388245 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдар бойынша іс-шараларды іске асыруға;

7333073 мың теңге – шағын және орта бизнес субъектілері үшін салық жүктемесін төмендетуге байланысты шығындарды өтеуге;

5807327 мың теңге – 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен  қамту жол картасы шеңберінде инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге.»;

7) көрсетілген шешімнің 10-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«10. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне облыстық бағдарламалар бойынша берілетін республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің көлемі 2020 жылға келесі мөлшерде белгіленсін:

838276 мың теңге – «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымды  дамытуға;

10907719 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау  жүйесін дамытуға;

6709811 мың теңге – сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

2946133 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорындағы тұрғын үй салуға немесе реконструкциялауға;

3035112 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға немесе орналастыруға;

1105000 мың теңге – Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға;

2095429 мың теңге – моноқалаларда бюджеттік инвестициялық  жобаларды іске асыруға;

376475 мың теңге – жылу энергетика жүйесін дамытуға;

4178466 мың теңге – 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен  қамту жол картасы шеңберінде инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге.»;

8) көрсетілген шешімнің 11-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«11. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне кредит беру келесі мөлшерде көзделсін:

11000000  мың теңге – тұрғын үй жобалауға немесе салуға;

290576  мың теңге – кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге;

1320198  мың теңге – мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін;

24517963 мың теңге – 2020-2021 жылдарға арналған Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржаландыру үшін.»;

9) көрсетілген шешімнің 13-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«13. Облыстың жергілікті атқарушы органының 2020 жылға арналған резерві 2168658 мың теңге сомада бекітілсін.»;

10) көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Павлодар облыстық мәслихатының сессия төрағасы

 

С. Прокопьев

Павлодар облыстық  мәслихатының хатшысы

 

Б. Бексеитова