Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
459/39 Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 423/36 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
09-04-2020 19:17

Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы

«2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 423/36 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабы 4-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты   ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы «2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» № 423/36 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6665 болып тіркелген, 2019 жылғы 19 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

1) көрсетілген шешімнің 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«1. 2020-2022 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2020 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 211418295 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 32440174 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 731371 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 170000 мың теңге;

трансферттер түсімі–178076750 мың теңге;

2) шығындар–217615749 мың теңге;

3)таза бюджеттік кредиттеу –31144129 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 39077075 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу –7932946 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 2760821 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 2761483 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 662 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -40102404 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                    40102404 мың теңге.»;

2) көрсетілген шешімнің 2-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«2. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2020 жылға келесі көлемдерде үлестіру бекітілсін:

1) корпоративтік табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларына – 100 пайыз, Железин ауданы – 9,9 пайыз;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларына – 100 пайыз;

3) төлем көзінен салық салынатын табыстардан және шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына – 100 пайыз, Павлодар қаласына – 55,0 пайыз, Екібастұз қаласына – 83,3 пайыз;

4) әлеуметтік салық бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына – 100 пайыз, Павлодар қаласына – 53,9 пайыз, Екібастұз қаласына – 83,3 пайыз.»;

3) көрсетілген шешімнің 3-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«3. Қалалық бюджеттерден облыстық бюджетке салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2020 жылға келесі көлемдерде үлестіру бекітілсін:

1) Железин аудандық бюджетінен корпоративтік табыс салығы бойынша – 90,1 пайыз;

2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан және шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша:

Павлодар қаласынан – 45,0 пайыз, Екібастұз қаласынан – 16,7 пайыз;

3) әлеуметтік салық бойынша:

Павлодар қаласынан – 46,1 пайыз, Екібастұз қаласынан – 16,7 пайыз.»;

4) көрсетілген шешімнің 7-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«7. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер келесі көлемдерде қарастырылғаны ескерілсін:

2782523 мың теңге – білім беру саласындағы ағымдағы және күрделі сипаттағы шығыстарға;

347932 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға;

82945 мың теңге – мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге;

627604 мың теңге – коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шаралар өткізуге;

55120 мың теңге – бруцеллез ауруына шалдыққан, санитариялық
союға жіберілетін ауыл шаруашылығы малдарының құнын иелеріне өтеуге;

2560692 мың теңге – көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға; 

1416536 мың теңге – аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына және елді мекендердің көшелеріне күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жүргізуге;

271245 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға;

66000 мың теңге – «109» бірыңғай нөмірлі қызметті ұйымдастыруға.»;

5) көрсетілген шешімнің 8-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«8. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері келесі көлемдерде қарастырылғаны ескерілсін:

1587982 мың теңге – білім беру объектілерін дамытуға;

4662685 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуға немесе реконструкциялауға;

1309782 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға немесе жайластыруға;

3027709 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау жүйесін дамытуға;

1154734 мың теңге – сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

796383 мың теңге – жылу-энергетикалық жүйені дамытуға;

274546 мың теңге – мәдениет объектілерін дамытуға;

342571 мың теңге – коммуналдық шаруашылықты дамытуға;

91277 мың теңге – «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде индустриялық инфрақұрылымды дамытуға;

317310 мың теңге – спорт объектілерін дамытуға;

159001 мың теңге – Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға;

100879 мың теңге – «Ауыл - Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға;

243799 мың теңге – моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға.»;

6) көрсетілген шешімнің 11-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«11. 2020 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне кредит беру келесі мөлшерде көзделсін:

11000000  мың теңге – тұрғын үй жобалауға немесе салуға;

290576  мың теңге – кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге;

1320198  мың теңге – мамандарды әлеуметтік қолдау шараларын іске асыру үшін;

23878598 мың теңге – Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шараларды қаржаландыру үшін.»;

7) көрсетілген шешімнің 13-тармағы келесі редакцияда жазылсын:

«13. Облыстың жергілікті атқарушы органының 2020 жылға арналған резерві 1939916 мың теңге сомада бекітілсін.»;

8) көрсетілген шешімнің 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Павлодар облыстық мәслихатының сессия төрағасы

 

С. Прокопьев

Павлодар облыстық  мәслихатының хатшысы

 

Б. Бексеитова