Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Абдраманова Света Сагындыковна
15-01-2021 16:15
Абдраманова Света Сагындыковна

 

Абдраманова Света Сагындыковна 1975 жылы 4 қаңтарда Павлодар облысының Май ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1999 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін бастады. Терапевт-дәрігер, жедел жәрдем дәрігері, функционалдық диагностика дәрігері ретінде үлкен практикалық және ұйымдастырушылық жұмыс тәжірибесі бар. 2013 жылдың қаңтар айынан бастап «Павлодар облыстық кардиологиялық орталығы» ШЖҚ КМК консультациялық-диагностикалық бөлімшесін басқарады. 2016 жылдан бастап Павлодар қаласы Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының функционалдық және ультрадыбыстық диагностика бойынша штаттан тыс бас маманы болып табылады. 2017 жылы «Функционалдық диагностика» мамандығы бойынша Жоғары біліктілік санаты берілді.

Қоғамдық қызметпен белсенді айналысады. 10 жылдан астам өзінің емдеу мекемесінің кәсіподақ ұйымын басқарды. Өзінің кәсіподақ қызметі үшін марапаттары бар – «Кәсіподаққа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі, «Қазақстан Республикасының кәсіподақ қозғалысына қосқан елеулі үлесі үшін» Құрмет грамотасы.

2016 жылдың қазан айынан бастап «Павлодар облысының «Саламатты Павлодар» медициналық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы  болып табылады. Облыстың медицина қызметкерлеріне кәсіби және заңды құқықтарын қорғауға көмектеседі.

Өзінің кәсіби тәжірибесі мен алған білімін жас мамандарға ықыласпен жеткізеді, олардың тәлімгері болып табылады.

Құрмет грамотасымен, Алғыс хаттармен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медалімен, 2016 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

2010 жылдың 1 сәуірінен бастап Nur Otan партиясының мүшесі.