Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Абитова Айнур Сарсеновна
15-01-2021 16:11
Абитова Айнур Сарсеновна

 

Абитова Айнур Сарсеновна 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылында дүниеге келген. 2004 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 2005 жылы Успен аудандық орталық ауруханасында дәрігер терапевт болып бастаған. 2012 жылдан 2016 жылға дейін-бас дәрігердің ішкі аудит жөніндегі орынбасары. 2016 жылдың наурыз айынан 2021 жылдың қаңтар айына дейін- «Успен аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК жалпы практика дәрігері. 2021 жылдың 8 қаңтарынан бастап Успен аудандық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы.

Жауапты және нәтижелі жұмыс істейді. Жұмыста өзінің кәсіби тәжірибесі мен білімін қолданады. Өз жұмысын ұйымдастыра алады, қойылған міндеттерді шешуге ұжымды жұмылдыра алады, шешімдерді ұтқырлықпен қабылдайды және олардың жедел орындалуын қамтамасыз етеді, өзіне және өзінің қарамағындағы қызметшілерге талап қоя алады, істің мүддесін қорғай алады.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.

«Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медалімен, 2018 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің Алғыс хатымен марапатталған.