Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Абишев Кайрат Сансызбаевич
15-01-2021 16:10
Абишев Кайрат Сансызбаевич

 

Абишев Кайрат Сансызбаевич 1979 жылы Павлодар облысының Павлодар қаласында дүниеге келген. 1997 жылы Павлодар технологиялық колледжін «Бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау» мамандығы бойынша, 2000 жылы Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Қаржы менеджменті» мамандығы бойынша бітірген, 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану»  мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылдың ақпан айында Павлодар қаласы «Энергосбыт» ЖШС экономисі болып бастаған. 1999 жылғы қыркүйектен 2005 жылғы қарашаға дейін «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖАҚ экономист болып жұмыс істеген. 2006 жылдың мамыр айынан бастап бизнеспен - коммерциялық жылжымайтын мүлік салумен және мейрамхана бизнесімен айналысады. 2010 жылдың қараша айында «Данекер» ШҚ» ЖШС басшысы болып тағайындалды. Кәсіпорын басшысы болып жұмыс істей отырып, еңбек өнімділігін арттыру, цифрлық технологияларды дамыту мәселелеріне көп көңіл бөледі.

«Nur Otan» партиясының мүшесі. 2016 жылғы наурызда VI сайланған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Павлодар ауданы Қоғамдық кеңесінің төрағасы болып табылады. Депутат ретінде абаттандыру, ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, автомобиль жолдарын салу және жөндеу, ауылдық елді мекендерде спорт және балалар алаңдарын орнату мәселелеріне көп көңіл бөледі. Ауданның кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарында жазғы уақытта жастар мен жоғары сынып оқушыларын жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдем көрсетеді. Еңбек ардагерлерін, көп балалы және табысы аз отбасыларды қолдау бойынша қайырымдылық қызметке қатысады.

Мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, «Астананың 20 жылдығы», «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» және тағы басқа мерейтойлық медальдармен марапатталған.