Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Аблезов Темирхан Карыбаевич
15-01-2021 16:08
Аблезов Темирхан Карыбаевич

Аблезов Темирхан Карыбаевич 1980 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. 2000 жылы Мәскеу мемлекеттік технологиялық университетін «БЖА инженері» мамандығы бойынша, 2003 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын «Халықаралық экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Азия және Таяу Шығыс елдері департаментінің атташесі болып бастаған. 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің сыртқы байланыстар бөлімінің бастығы, 2007 жылдан 2009 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінде жұмыс істеді. 2009 жылдан 2015 жылға дейін «БТА Банкі» АҚ-да Қазақстан Республикасының Орталық және Солтүстік өңірлері бойынша дирекцияның директоры болып қызмет атқарды. 2015 жылдан 2018 жылға дейін «ӘКК-Солтүстік» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Самұрық-Энерго» АҚ ГРЭС-2 Басқарма төрағасының кеңесшісі болып табылады.

2008 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Жастарды жұмыспен қамтуға және жоғары сынып оқушыларын жазғы уақытта кәсіпорында жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеді. Ардагерлерді, зейнеткерлерді, көп балалы және табысы аз отбасыларды қолдау бойынша қайырымдылық ісіне қатысады.