Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Айтжанова Динара Нуржановна
15-01-2021 16:06
Айтжанова Динара Нуржановна

Айтжанова Динара Нуржановна 1979 жылы туған, қазақ, білімі жоғары. 2002 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

2012 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін бітірген. «Менеджмент» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді. Еңбек жолын Павлодар Әлеуметтік-еріктілер орталығының директоры болып бастаған. 2008-2010 жылдар аралығында С. Торайғыров атындағы ПМУ-де маман, содан кейін әлеуметтік мәселелер бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 2010 жылдан 2012 жылға дейін «Кереку» баспасының директоры болды. Одан әрі «Павлодар облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы болып жұмыс істеді. 2014 жылдан бастап «ОААЖ» ЗТБ «Samruk science» жобасының әкімшілік директоры болып тағайындалды. 2016 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Бірлік» жергілікті қоғамдастықты дамыту қорының басшысы болып табылады. 2017-2018 жылдар аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша өңірлік жобалық кеңсенің жұмысына қатысты. 2017 жылы level C жобалау менеджері құзыреттілігі беріліп, IPMA сертификаттауынан өтті. 2018 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Павлодар облысының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы болып жұмыс істейді.

2008 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі. VI сайланған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Динара Нұржанқызы депутат ретінде аулаларды абаттандыру, орамішілік аумақтарды асфальттау, балалардың спорт алаңқайларын орнату мәселелеріне көп көңіл бөледі. Жастарды жұмыспен қамтуға және жоғары сынып оқушыларын жазғы уақытта кәсіпорындарда жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеді. Ардагерлерді, зейнеткерлерді, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау бойынша қайырымдылық қызметке қатысады.

Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.