Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Алсеитов Оспанбек Балтабаевич
15-01-2021 15:36
Алсеитов Оспанбек Балтабаевич

Альсеитов Оспанбек Балтабаевич 1964 жылы Түркістан облысында туған. 1992 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын «Инженер-химик-технолог»мамандығы бойынша, 2008 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Менеджмент бакалавры» мамандығы бойынша, 2014 жылы Алматы Менеджмент Университетінің ОҒҚ іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесі беріле отырып аяқтады. Еңбек жолын 1992 жылы Павлодар қаласы «ПМХЗ» ЖАҚ №3 цехының (КТ-1) 4-разрядты технологиялық қондырғылардың операторы болып бастады. 1993 жылы-«ПМХЗ» ЖАҚ№ 3 цех (КТ-1) 5-разрядты технологиялық қондырғылардың операторы. 1995-1997 жылдары-«ПМХЗ»ЖАҚ№3 цехының (КТ-1) ауысым бастығы. 1997-2000 жылдары-«ПМХЗ» ЖАҚ №3 технологиялықцехыбастығының орынбасары (КТ-1). 2000-2002 жылдары– «ПМХЗ» ЖАҚ№3 (КТ-1) технологиялық цехының бастығы. 2002-2008 жылдары – «ПМХЗ» АҚ өндірістік қызметінің бастығы. 2008-2009 жылдары – «ПМХЗ» АҚ техникалық директорының орынбасары-өндірістік қызмет бастығы.2009-2010 жылдары – «ПМХЗ» АҚ техникалық директорының бірінші орынбасары. 2010-2014 жылдары – «ПМХЗ» ЖШС техникалық директоры. 2014 жылдан 2016 жылға дейін – бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары-бас инженер. 2016-2017 жылдары – «КМГ-ПМ» АҚ мұнай өңдеу департаментінің директоры. 2017 жылы Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары-бас инженер лауазымына тағайындалды. 2017 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі уақытқа дейін «ПМХЗ» ЖШС Бас директоры, Басқарма төрағасы қызметін атқарады.

«Nur Otan» партиясының мүшесі.

Мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен, сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Үздік әлеуметтік әріптес» белгісімен, Қазақстандық салалық мұнай-газ кешені кәсіподағының «Салалық кәсіподаққа еңбек сіңірген үшін» медалімен марапатталған. «Еңбек үздігі» құрметті атағы бар.