Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Аманжолов Булат Аменович
15-01-2021 15:33
Аманжолов Булат Аменович

Аманжолов  Булат Аменович 1961 жылы Павлодар облысы Железин ауданының 19 партсъезд совхозында дүниеге келген. 1982 жылы Қарағанды кооперативтік институтын «Экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1984 жылы Павлодар аудандық тұтынушылар одағында төрағаның сауда жөніндегі орынбасары болып бастады. Одан әрі 1990-1997 жылдары – «Игілік Банк» АҚ филиалының директоры. 1997-2004 жылдары – «Темірбанк» АҚ филиалының директоры. 2004-2006 жылдары – «Отан» зейнетақы қорының директоры. 2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры болып табылады.

VI сайланған Павлодар қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды. Ұйымдастырушылық қабілеттерге ие, депутаттық корпуспен бірлесіп мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға, халықты жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға, халықтың әлеуметтік осал санаттарын әлеуметтік қолдауға белсенді қатысады.

Облыстың қоғамдық-саяси және мәдени өміріне қатысады. Көптеген жылдар бойы қайырымдылықпен айналысады, өткізілетін акциялар мен жобаларға белсенді қатысады.

Қала жұртшылығы, депутаттық корпус және сайлаушылар арасында беделге ие.

«Ауыл» ХДППҚБ партиясының мүшесі.

Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталған.