Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Амантай Жарқынбек
15-01-2021 15:20
Амантай Жарқынбек

Амантай Жаркынбек 1988 жылы Моңғолияның Баян Өлгей қаласында дүниеге келген. Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Қожамжар ауылындағы орта мектепті бітірген. 2006 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетіне оқуға түсіп, оны 2010 жылы тәмамдаған. Еңбек жолын 2010 жылы Ақтоғай ауданының Абай атындағы мектебінде мұғалім болып бастаған. 2011-2013 жылдары - Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің тілшісі. 2014-2018 жылдары Павлодар облыстық «Регион.KZ» газетінде жауапты хатшы болып тағайындалды. 2014-2016 жылдары - «Қазақстан-Zaman» халықаралық газетінің Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі. 2019 жылдың басынан бастап облыстық радиода жұмыс істеді.

2018 жылы «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясының Павлодар облысы бойынша президенті болып сайланды. 2019-2020 жылдары Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

Ақын, журналист. Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Қазақстан Жазушылар Одағы Павлодар облыстық филиалының директоры.

2006 жылы «Аллажар» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді. 2018 жылы «Старая картина» поэтикалық жинағы жарық көрді. Аталған кітаптың тұсаукесері Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған III Еуразиялық халықаралық «Eurasian Book Fair-2018» кітап көрмесінде өтті. Бірнеше республикалық, облыстық ақындар байқауының жеңімпазы. Жас журналистерге арналған Болатхан Тайжан атындағы «Жас тұлпар» республикалық сыйлығының лауреаты. Павлодар облысы әкімінің грантының иегері. «JEBE» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушылардың бірі. 2017 жылы облыста «Тіл жанашыры» белгісінің иегері атанды. Республикалық, облыстық жас ақындар байқауының тұрақты қазылар алқасының мүшесі. Шығармалар облыстық «Сарыарқа самалы», «Найзатас» басылымдарында, республикалық «Қазақ әдебиеті», «Тұмар», «Жұлдыз» журналдарында, «Көш» газетінде жарияланады. Оның өлеңдері «Қазақ поэзиясының антологиясы», «Ертіс толқыны», «Жаңартау», «Ертіс әуендері», «Бәйшешек», «Теңізге тамған тамшылар» және тағы басқа жинақтарға енген.