Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Бегентаев Мейрам Мухаметрахимович
15-01-2021 15:18
Бегентаев Мейрам Мухаметрахимович

Бегентаев Мейрам Мухаметрахимович 1974 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Заречное ауылында дүниеге келген. 1996 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-механик»  мамандығы бойынша, 1999 жылы Павлодар университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы С. Торайғыров  атындағы Павлодар мемлекеттік университеті студенттерінің кәсіподақ комитетінің төрағасы болып бастаған. 1999 жылдан бастап С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Мәдениет Академиясының директоры болып жұмыс істеді. 2001 жылдан бастап - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Қоғамдық ғылымдар кафедрасының стажер-зерттеушісі, оқытушысы. 2001-2002 жылдары - С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті қоғамдық бірлестіктер институтының директоры. 2002-2003 жылдары - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі басқармасының бастығы. 2003 жылдан бастап - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментінің директоры. 2003-2004 жылдары - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті Әкімшілік департаментінің директоры. 2004 жылдан 2012 жылға дейін - С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің әлеуметтік мәселелер және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры, стратегиялық жоспарлау, әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі бірінші проректоры.

2012 - 2016 жылдары - V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2016-2019 жылдары - Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

Қазіргі уақытта - «Торайғыров университеті» КЕАҚ Басқарма Төрағасы, ректоры.

Экономика ғылымдарының докторы, доцент.

1999 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің Құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астана 20 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.