Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Даумова Раушан Жумабаевна
15-01-2021 15:16
Даумова Раушан Жумабаевна

Даумова Раушан Жумабаевна 1962 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. 1983 жылы Қостанай педагогикалық институтын «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Қостанай облысы Семиозерный ауданы Целинный орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастады. 1987-2002 жылдары – «Қазақстан алюминийі» АҚ Торғай боксит кен басқармасының кәсіподақ комитетінің төрайымы. 2002 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Павлодар облысы бойынша «Казпрофметалл» салалық тау-кен металлургиялық кәсіподағы төрағасының орынбасары.

Қазақстан Әйелдер Күштері Альянсының Павлодар облысы бойынша төрайымы. Қазақстанның Іскер әйелдер қауымдастығының Павлодар облысы бойынша Басқарма мүшесі. Павлодар облысының еңбекшілер істері жөніндегі комиссиясының төрайымы. «Казпрофметалл» салалық тау-кен металлургиялық кәсіподағының атқару комитетінің мүшесі. Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі үйлестіру кеңесінің мүшесі. «Казпрофметалл» салалық тау-кен металлургиялық кәсіподағының Орталық кеңесінің мүшесі.

Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясының «I,II,III дәрежелі Еңбек даңқы», «Казпрофметалл» салалық тау-кен металлургиялық кәсіподағының «Кәсіподақтарға сіңірген еңбегі үшін» салалық наградаларымен, Қазақстан Республикасы Индустрия, экономика және сауда министрлігінің Құрмет грамотасымен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Құрмет грамотасымен және басқа да наградалармен марапатталған.