Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Джусупова Нагимаш Гарифоллаевна
15-01-2021 15:16
Джусупова  Нагимаш Гарифоллаевна

Джусупова  Нагимаш Гарифоллаевна 1962 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Арбиген ауылында дүниеге келген.

Павлодар кооперативтік техникумын «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық училищесін «Бастауыш сынып мұғалімі» мамандығы бойынша, Павлодар педагогикалық университетін «Бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы бойынша, Павлодар педагогикалық институтын «Дефектология» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Лебяжі аудандық тұтынушылар одағы басқармасының бухгалтері болып бастады. Қазіргі уақытта Шарбақты ауданының «№5 арнайы мектеп-интернаты» КММ педагог-дефектолог болып жұмыс істейді.

2013 жылдан бастап «Джусупова» ШҚ басқарады. Шаруа қожалығы сүт өнімдерін шығарады, облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне қатысады.

«Ауыл» партиясының мүшесі.

Нагимаш Гарифоллаевна аудандық қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады, жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі, еңбек ардагерлерін, көп балалы және табысы аз отбасыларды қолдау бойынша қайырымдылық істермен, жазғы демалыс кезінде ауданның кәсіпорындары мен шаруашылықтарында жоғары сынып оқушыларын жұмысқа орналастырумен айналысады.

Белсенді қызметі үшін Шарбақты ауданы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.