Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Дяк Аурика Георгиевна
15-01-2021 15:14
Дяк Аурика Георгиевна

 

Дяк Аурика Георгиевна 1969 жылы Украинада дүниеге келген. 1988 жылы Молдавия КСР Липканы қаласында педагогикалық училищені 4-8 сыныптарда еңбек оқытушысы мамандығы бойынша, 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Маркетинг және коммерция» мамандығы бойынша, 2017 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Менеджмент – корпоративтік менеджмент» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесі беріліп, 2018 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Молдовадағы Валя-Одынская мектебінде аға пионер жетекшісі, ұзартылған күн тобының тәрбиешісі болып бастады. 1990-1994 жылдары бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істеді. 1994 жылдан 1997 жылға дейін «Барлығы жаңа қоныстанушылар үшін» ұжымдық кәсіпорнында сатушы-тауартанушы болды. 1999 жылдан 2001 жылға дейін «Барлығы жаңа қоныстанушылар үшін» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. 1999 жылдан 2001 жылға дейін «Дяк А.Г.» ЖК директоры. 2001 жылдан 2003 жылға дейін – «ЕвроДом» ЖШС директоры. 2003-2006 жылдары – «ИнтерСтройПлюс» ЖШС директоры. 2006-2014 жылдары-«АртСтрой-ПВ» ЖШС директоры. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Сом-ПВ» ЖШС директоры болып табылады.

Ұйымдастырушылық және қоғамдық жұмыстарда үлкен тәжірибесі бар. VI сайланған Павлодар қалалық мәслихатының депутаты, қала құрылысы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі болып сайланды. Жастар кәсіпкерлігінің мүмкіндіктерін кеңейтуге, жаңа жұмыс орындарын құруға және жас білікті кадрларды даярлауға белсенді қатысады.

Балалар үйлеріне, ауру балаларға, жетімдерге, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға үнемі көмек көрсетеді. Облыстың балалар үйлерін, храмдарын, оңалту орталықтарын салу мен қалпына келтіруде белсенді түрде қайырымдылық көмек көрсетеді.

2013 жылдан бастап «NurOtan» партиясының мүшесі.

«Қазақстанның Павлодар облысы бойынша Іскер әйелдер қауымдастығы» ҚБ төрайымы, облыстың Саясаткер әйелдер клубының мүшесі, облыстың ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, облыстың Қазақстан халқы Ассамблеясының «Буковина»румын-молдавия мәдени қоғамы»ҚБ төрайымы.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен және басқа да алғыс хаттармен марапатталған.