Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Жетыбаева Анар Ахметовна
15-01-2021 15:13
Жетыбаева Анар Ахметовна

Жетыбаева Анар Ахметовна 1978 жылы Павлодар облысы Май ауданы Малайсары ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Жаяу Мұса атындағы колледжді «Хор ұжымының жетекшісі» мамандығы бойынша, 2003 жылы Павлодар университетін «Педагог – психолог» мамандығы бойынша аяқтады. Еңбек жолын 1997 жылы Малайсары жалпы орта білім беретін мектебінде мұғалім болып бастады. 2003 жылдан бастап мектеп психологы, 2010 жылдан 2015 жылға дейін директордың оқу - тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеді. 2016 жылы Малайсары жалпы орта білім беретін мектебінің директоры болып тағайындалды.

VI сайланған аудандық мәслихаттың депутаты болып сайланды. 2004 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі. «Қайырымдылық», «Мектепке жол» қайырымдылық акцияларына қатысады. Жалғыз басты қарт адамдарға, ардагерлерге, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетеді.

Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен марапатталған.