Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Кайдарова Гульнара Шамаровна
15-01-2021 15:12
Кайдарова Гульнара Шамаровна

Кайдарова Гульнара Шамаровна 1963 жылы 12 желтоқсанда Павлодар облысы Май ауданы Киров ауылында дүниеге келген. 1988 жылы Павлодар индустриялық институтының энергетика факультетін инженер-электрик мамандығы бойынша үздік диплом алып бітірді. Еңбек жолын өндірістік кәсіпорындарда ГРЭС-2 Екібастұз учаскесінде ЭСАМ трестінің инженер-реттеушісі болып бастаған.

ВНИПИ-энергопромның Солтүстік Қазақстан бөлімшесінде инженер-жобалаушы болып жұмыс істеді, институт ЖЭО, ГРЭС жобалаумен айналысты. 1991 жылы Павлодар индустриялық институтының «Электр желілері және жүйелері» кафедрасында ассистент болды. «Құрастыру тетіктері» ҮЕҰ комсомол ұйымының босатылған хатшысы болып сайланды.

1992 жылдан бастап азық-түлік өнімдерін сату саласында кәсіпкерлік қызметпен айналыса бастады. 1998 жылдан бастап жанар-жағармайды  көтерме саудамен айналыса бастады.

2003 жылы Алматы экономика және статистика институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. 2005 жылы жанар-жағармайды көтерме сату бойынша коммерциялық кәсіпорын құрды. 2006 жылы «Гофротара зауыты» ЖШС өндірістік кәсіпорнын құрды, қазіргі уақытқа дейін оның жалғыз құрылтайшысы және директоры болып табылады. Бұл кәсіпорын гофрокартон және қаптама шығарумен айналысады.

2011 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі.

V-VI сайланған Павлодар қалалық мәслихатының депутаты болып  «Nur Otan» партиясынан сайланды. Әлеуметтік саясат жөніндегі тұрақты комиссияның төрайымы болды.

Мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, Қазақстанның Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының ІІІ дәрежелі «Ісіне адалдығы үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл»,  «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.