Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Кымбатов Мурат Амангельдинович
15-01-2021 15:10
Кымбатов Мурат Амангельдинович

 

Кымбатов Мурат Амангельдинович 1980 жылы Павлодар облысы Железин ауданы Железинка ауылында дүниеге келген. 2002 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша, 2006 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін  «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы «Ертіс-Энергия ПВ» ЖШС бас инженері болып бастады. 2004 жылдан 2005 жылға дейін «Ром-строй» ЖШС директорының орынбасары болып жұмысқа кірісті. 2005 жылдан 2010 жылға дейін – «АБК»Құрылыс компаниясы» ЖШС директоры. 2010-2012 жылдары–«Сұңқар-2009» ЖШС директоры. 2012 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қызылжар-Құс» ЖШС Басқарушы директоры болып табылады.

Өндірістің ерекшелігін жақсы біледі, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына нақты үлес қосуда. Принципшілжәне талапшыл басшы.

2015 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, «Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы» мерейтойлық медалімен марапатталған.