Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Лепёхин Сергей Васильевич
15-01-2021 15:09
Лепёхин Сергей Васильевич

Лепёхин Сергей Васильевич 1963 жылы Екібастұз қаласында дүниеге келген. «Ашық әзірлемелер» мамандығы бойынша жоғары білімі бар. Еңбек жолын 1982 жылы «Восточный» кенішінде тау-кен шебері болып бастаған. 1994 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кәсіпкерлік қызметпен айналысады, «Техцентр Аверс» ЖШС директоры болып табылады.

IV, V, VI сайланған Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты, қалалық мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып сайланды. Терең кәсіби білімге, жеке ұйымшылдыққа, мақсатқа ұмтылушылыққа ие, мәселелерді шешу кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізеді.

Сергей Васильевич үнемі өзінің білімін, іскерлік біліктілігін арттырып отырады, алдына қойылған міндеттерді тиімді және жауапты шешеді, қаланың қоғамдық-саяси және әлеуметтік өміріне белсенді қатысады.

Қайырымдылық іс-шараларына белсенді араласады. Өз сайлаушыларының және жалпы қала бойынша маңызды мәселелерін шешуге үлкен жауапкершілікпен қарайды. Спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысушыларға, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға жазғы демалысты ұйымдастыруға және тағы басқаларға үнемі материалдық көмек көрсетеді. «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасына, жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясына үнемі қатысып отырады.

Депутаттар мен сайлаушылар, әріптестер арасында лайықты бедел мен құрметке ие.

«"Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының Құрмет грамотасымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Алғыс хатымен, облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.