Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Мусанап Мирхат Мадениетулы
15-01-2021 15:07
Мусанап Мирхат Мадениетулы

Мусанап Мирхат Мадениетулы 1987 жылы Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Краснокутск кентінде дүниеге келген. 2008 жылы Қ.И. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша, 2015 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. European University (Еуропалық Университет, Швейцария) «Халықаралық бизнес» МВА бағдарламасы бойынша магистр дәрежесі берілді. 2019 жылы Алматы қаласында Халық шаруашылығы университетінің DBA «Іскерлік әкімшілік ету» бағдарламасы бойынша доктор дәрежесін қорғады.

Еңбек жолын «Майкубен-Вест» ЖШС сату жөніндегі менеджер ретінде бастады, онда отандық кәсіпорындарға көмір жеткізуге жетекшілік етті. «Майкубен Trans» ЖШС директоры лауазымында темір жол көлігімен көмір тасымалдау жөніндегі компанияны басқарды. 2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Богатырь Көмір» ЖШС Бас директорының орынбасары болып жұмыс істейді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Спорт менеджменті» бағдарламасы бойынша дене шынықтыру және спорт саласының басшы қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курсынан, «Павлодар өңірлік басқару мектебі» ОФ-да «Жергілікті өзін-өзі басқару жағдайындағы мәслихат депутатының құзыреті» оқу курсынан өтті. «Біріктірілген менеджмент жүйесіндегі жоғары басшылықтың рөлі» сертификатына ие (KENES, Алматы қ.).

«Nur Otan» партиясының мүшесі.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған. 2019 жылы сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталды. Павлодар облысындағы «Primaries 2020» жеңімпазы. «2015 жылдың үздік жас кәсіпкері» облыстық байқауының жеңімпазы. Павлодар облысының әкімімен «Менің жетістігім – елдің жетістігі» байқауы аясында марапатталды.