Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Нурханова Гульмира Габдулхамитовна
15-01-2021 15:05
Нурханова Гульмира Габдулхамитовна

 

 Нурханова Гульмира Габдулхамитовна 1969 жылы Павлодар облысы Качир ауданы Калиновка ауылында дүниеге келген.Жеке кәсіпкер болып табылады.

Ұйымдастырушылық және қоғамдық жұмыстарда үлкен тәжірибесі бар. III-IV сайланған Качир аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды, онда заңдылықты сақтау және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссияны басқарды.

V, VI сайланған облыстық мәслихаттың депутаты, экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі.

Тереңкөл ауылында мешіт салуға жеке үлесін қосты. 2001 жылдан бастап №2 Качир жалпы орта білім беретін мектебінің мектеп жанындағы интернатының 50 тәрбиеленушісін және Качир балалар үйінің балаларын қамқорлыққа алды. 2006 жылдың тамыз айынан бастап ол туған мектебіне мұғалім болып жұмысқа оралған жас педагогтар арасында «Ең жас маманға» атаулы сыйлығын (3 жылға дейінгі еңбек өтілі) тағайындады. Сондай-ақ ол Байғұныс орта мектебінің үздік оқушыларына атаулы стипендия және осы мектептің түлектері – «Алтын белгі» иегерлеріне сыйлықақы тағайындады.

«Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі. 2007 жылдан бастап «Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы» Павлодар филиалының мүшесі.

Павлодар облысы әкімінің «Облыс алдында сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, «Астана 10 жыл», «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, «Nur Otan» ХДП Орталық аппаратының, «Nur Otan» ХДП Павлодар облыстық филиалының Алғыс хаттарымен марапатталған.