Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Олжатай Гульмира
15-01-2021 15:01
Олжатай Гульмира

Олжатай Гульмира 1976 жылы Павлодар облысы Баянауыл ауданы Баянауыл ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Павлодар қаласының кооперативтік техникумын «Шаруашылық қызметті есепке алу және талдау, бақылау және талдау» мамандығы бойынша бітірді.

Баянауыл ауданының Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы, Баянауыл ауданының З. Ақышев атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы болып табылады, онда өз қызметін, бірінші кезекте, мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге бағыттайды.

Ауылдық елді мекендерді абаттандыру, автомобиль жолдарын салу және жөндеу, спорт және балалар алаңдарын орнату мәселелеріне көп көңіл бөледі. Жастарды жұмыспен қамтуға және тұрғындарды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеді. Ардагерлерді, зейнеткерлерді, көп балалы және табысы аз отбасыларды қолдау бойынша қайырымдылық ісіне  қатысады.

 «Nur Otan» партиясының мүшесі. .