Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Прокопьев Сергей Леонидович
15-01-2021 14:59
Прокопьев Сергей Леонидович

Прокопьев Сергей Леонидович 1984 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, 2006 жылы Инновациялық Еуразия университетін «Қара және түсті металдар металлургиясы» мамандығы бойынша, 2012 жылы Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Іскерлік әкімшілендіру шебері» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2002 жылы Ақсу ферроқорытпа зауытының ферроқорытпа пешінің 5-разрядты көрікші жұмысшысы болып бастаған, осы кәсіпорында еңбекке қалыптасудың барлық жолынан өткен. 2014 жылдың қыркүйегінен бастап әлемдегі ең ірі ферроқорытпа өндірушілерінің бірі болып табылатын «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры болып жұмыс істейді.

Сергей Леонидович депутат ретінде аулаларды абаттандыру, орамішілік аумақтарды асфальттау, балалардың спорт алаңқайларын орнату мәселелеріне көп көңіл бөледі. Көп қабатты тұрғын үйлердің инженерлік желілері мен коммуникацияларын жаңғыртуға және реконструкциялауға депутаттық бақылауды жүзеге асырады. Павлодар облысы аумағында су тасқыны қаупі бар кезеңде жұмыстарды ұйымдастыруға бірнеше рет нақты үлес қосты. Жастарды жұмыспен қамтуға және жоғары сынып оқушыларын жазғы уақытта кәсіпорында жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеді. Ардагерлерді, зейнеткерлерді, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау бойынша қайырымдылық қызметке қатысады.

«Nur Otan» партиясының мүшесі. VI сайланған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты.

Облыс әкімінің «Белсенді қызметі үшін» белгісімен, Павлодар облысы әкімінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Алғыс хаттарымен, Ақсу қаласы әкімінің «Қала алдында сіңірген еңбегі үшін»  белгісімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Астана 20 жыл», «Қазақстан Республикасының мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен және басқа да салалық белгілермен марапатталған.