Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Садвакасов Серик Тельманович
15-01-2021 14:58
Садвакасов Серик Тельманович

.Садвакасов Серик Тельманович 1974 жылы Павлодар облысы Екібастұз ауданы Өлеңті совхозында дүниеге келген. 1994 жылы Целиноград қаржы-экономикалық техникумын «Кәсіпорын қаржысы» мамандығы бойынша, 2003 жылы М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «Инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Өлеңті совхозында жұмысшы болып бастады. 1994 жылдан 1998 жылға дейін «Рахат» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 1998 жылдан 2000 жылға дейін «Рахат» ЖШС уақытша сақтау кеден қоймасының директоры қызметін атқарды. 2000 жылдан 2003 жылға дейін – «Қазтрансервис» АҚ «Қазақстан Темір жолы» РМК өндірістік учаскесінің бастығы. 2016 жылдан 2020 жылға дейін «Екибастузкоммунсервис» ЖШС директоры болып жұмыс істеді. Қазіргі уақытта «Анара» фермерлік шаруашылығының басшысы болып табылады.

VI сайланған Екібастұз қалалық мәслихатының депутаты, құрылыс, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы болып сайланды. Серик Тельманович аумақтарды абаттандыру, әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, көшелерді асфальттау, балалардың спорт алаңдарын орнату мәселелеріне көп көңіл бөледі. Құрылыс объектілерін жаңғыртуға және реконструкциялауға депутаттық бақылауды жүзеге асырады. Жұмыспен қамтылмаған халықты жұмыспен қамтамасыз етуге және жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеді. Ардагерлерді, зейнеткерлерді, көп балалы және табысы аз отбасыларды қолдау бойынша қайырымдылық ісіне қатысады.

2016 жылдан бері «Nur Otan» партиясының мүшесі.

Павлодар облысы «Атамекен» өңірлік палатасының, «Торайғыров университеті» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.