Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Сатыбаев Фуат Сайдахметович
15-01-2021 14:57
Сатыбаев Фуат Сайдахметович

Сатыбаев Фуат Сайдахметович 1965 жылы Семей облысының Ақсуат ауылында туған. 1982 жылы Семей мемлекеттік медицина институтына «Емдеу дәрігері» мамандығына оқуға түседі. 1987 жылы Семей медициналық институтында ВУС-901000 бойынша әскери дайындықтан өтеді. «М/с аға лейтенанты» әскери атағы берілді. Сондай-ақ институтта оқыған жылдары облыстық сүйек-туберкулез ауруханасында жұмыс істеді. 1988 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын бітірген соң Талдықорған облыстық ауруханасында дәрігер-хирург болып жұмысқа кіріседі. Еңбек жолын 1989 жылы Үрджар аудандық ауруханасында дәрігер–хирург болып бастаған. 1991 жылы Семей облыстық ауруханасының № 2 емханасына дәрігер-хирург болып қызметке ауысады.

1994 жылдан бастап – «Профсервис» ЖШС директоры. 1994 жылдан 1998 жылға дейін «Мейірім» кәсіподақтардың сақтандыру компаниясында жұмыс істеді. 1998 жылы «Ақмолатурист» АҚ Бас директорының орынбасары лауазымына тағайындалды. 2002 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірді.

2003 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Мойылды санаторийі» АҚ Бас директоры.

III дәрежелі «Еңбек даңқы» салалық наградасымен, «Денсаулық сақтау саласының құрметті қызметкері», «Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының одағы 20 жыл» белгілерімен, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының «Кәсіподақтар сіңген еңбегі үшін» белгісімен марапатталған.