Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Смагулов Азамат Сапаргельдинович
15-01-2021 14:56
Смагулов Азамат Сапаргельдинович

Смагулов Азамат Сапаргельдинович 1984 жылы 12 тамызда Шарбақты кентінде дүниеге келген. 2001 жылы Павлодар қаласындағы №11 орта мектепті бітірді. 2006 жылы Астана қаласында Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетіне «Құқықтану» мамандығы бойынша оқуға түсті. 2008 жылы Астана қаласында Рысқұлбеков атындағы Қазақ экономикалық университетінің факультетіне түсті. 2016 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызметтің Ресей Халық шаруашылығы Академиясын бітірді, іскерлік әкімшілендіру магистрі.

Еңбек жолын 2006 жылы «Қазақтелеком» АҚ орталық аппаратында менеджер болып бастаған. 2009-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде жұмыс істеді. 2013 жылдың сәуірінен 2018 жылдың қазанына дейін «Казэнергокабель» АҚ Бас директорының орынбасары болды. 2016 жылдың сәуір айынан бастап «Мұнаймаш» АҚ (мұнай-газ жабдықтары), «Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ (теңіз қару-жарағы нарығының көшбасшысы), «Киров атындағы зауыт» АҚ (арнайы байланыс құралдарын шығару), «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ (ірі машина жасау кәсіпорны), «Astana Inovations» АҚ (қаланың инновациялық жүйесін дамыту және қолдау орталығы, Smart Astana жобасының сервистік интеграторы, Қауіпсіз қала) сияқты қорғаныс өнеркәсібі кешені, мұнай өнеркәсібі кәсіпорындарында тәуелсіз директор, Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

2008 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін кәсіпкерлік қызметпен (жеке жобалар) айналысады.

«Nur Otan» партиясының мүшесі. 2017 жылы VI сайланған Павлодар қалалық мәслихатының депутаты болып сайланды (ТКШ жөніндегі комиссия мүшесі болды, онда оның тікелей қатысуымен бірқатар инфрақұрылымдық жобалар іске асырылды: екінші Павлодар көшелерін асфальттау, балалар алаңдарын орнату, №27 орта мектептің кіреберістерін абаттандыру, азаматтардың өтініштері бойынша мәселелерді шешу, бірқатар қайырымдылық жобаларды қолдау). Тәуелсіз директорлар қауымдастығының мүшесі, «Республикалық Fin Teh Индустриясы одағы» қауымдастығының тең төрағасы.