Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Соломкин Виталий Вячеславович
15-01-2021 14:55
Соломкин Виталий Вячеславович

Соломкин Виталий Вячеславович 1971 жылы Павлодар облысы Шарбақты ауданы Каховка ауылында дүниеге келген. Мектепті бітіргеннен кейін туған ауылында жұмыс істеуге қалды. 1989 жылы Кеңес Әскері қатарына шақырылды. Әскерден кейін туған ұжымшарына жұмысқа оралып, 1997 жылға дейін 10 жыл жұмыс істеді.

Виталий Вячеславовичтің жалпы еңбек өтілі 30 жылдан асады.

Оның бірнеше мамандықтары бар: бухгалтерлік есеп, заңгер және экономист. 2017 жылы Мәскеу қаласындағы Халықаралық экономикалық байланыстар институтын сырттай аяқтады. Жұмыс істеген жылдары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, ауыл шаруашылығы салаларында үлкен тәжірибе мен білім жинақтады, оларды өскелең ұрпақпен, жастармен бөліседі.

В.В. Соломкин жеке кәсіпкер және сонымен қатар «Ай–Су Мелиорация" ЖШС және «Гордорстрой» ПКФ ЖШС - екі Павлодарлық фирманың құрылтайшысы болып табылады. Кәсіпорындарда 150-ден астам адам еңбек етеді және үнемі жаңа жұмыс орындары құрылады. Виталий Вячеславовичтің басшылығымен фирмалар облыс экономикасына айтарлықтай үлес қосуда. Оның әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына белсенді қатысады. Оның кәсіпорындары барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындайды, халықтың табысы аз мұқтаж топтарына жан-жақты қолдау көрсетеді. В.В. Соломкин ауылдың тумасы бола отырып, ауыл тұрғынының қажеттіліктері мен проблемаларын жақсы біледі, оларды қарастыруға және шешуге мұқият қарайды.

В.В. Соломкин 2017 жылы мемлекеттік награда - «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған. «Құрметті жолшы» белгісі бар.