Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Терентьев Александр Алексеевич
15-01-2021 14:54
Терентьев Александр Алексеевич

Терентьев Александр Алексеевич 1964 жылы Павлодар облысы Краснокутск ауданы Краснокутск кентінде жұмысшылар отбасында дүниеге келген. 1986 жылы Павлодар монтаж техникумын «Техник-құрылысшы» мамандығы бойынша, 1998 жылы Павлодар университетін «Инженер – құрылысшы» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын Павлодарлық «Имсталькон» монтаждау фирмасында бастады. Қатардағы монтажшыдан құрылыс-монтаж учаскесінің бастығына дейінгі жолдан өтті. 1995 жылы Александр Алексеевич өзінің «Стальмонтаж» құрылыс-монтаждау фирмасын ұйымдастырды, ол бүгінгі күні құрылыс саласында көшбасшы болып табылады, облыстың ірі өнеркәсіптік объектілерінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын қамтамасыз етеді, әлеуметтік-тұрғын үй бағдарламасын іске асыруға белсенді қатысады. Жыл сайын кәсіпорында жаңа жұмыс орындары ашылып, қызметкерлердің кәсіби деңгейі үздіксіз жетілдірілуде, ұжымның әл-ауқаты үнемі өсіп келеді. «Стальмонтаж» ЖШС А.А.Терентьевтің басшылығымен облыста әлеуметтік маңызды нысандар іске қосылды: Набережное және Пограничник ауылдарындағы орта мектептер, Павлодар қаласында - № 16, 25 білім беру мектептері, Ақсу қаласында – №2 мемлекеттік тілде білім беретін жалпы білім беру мектебі, орталық емхана, Тереңкөл кентінде - туберкулезге қарсы аурухана, Шарбақты ауылында - дене шынықтыру - сауықтыру кешені, Железинка ауылында - емханасы бар орталық аудандық аурухана, Екібастұз қаласында - қазіргі заманғы балалар музыка мектебі және т. б.

«NurOtan» партиясының мүшесі. IV, V, VI сайланған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты. Депутат ретінде А.А.Терентьев ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту, ауылдық аумақтарды абаттандыру, ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, ауылдық көшелерді асфальттау, спорттық балалар алаңдарын орнату мәселелеріне көп көңіл бөледі. Ауылдағы сумен жабдықтау объектілерін жаңғыртуға және қайта құруға депутаттық бақылауды жүзеге асырады. Жастарды жұмыспен қамтуға және жоғары сынып оқушыларын жазғы уақытта кәсіпорында жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеді. Ардагерлерді, зейнеткерлерді, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау бойынша қайырымдылық қызметке қатысады.

Мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін А.А. Терентьев мемлекеттік наградалармен – «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін»медалімен, Павлодар облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен (2011 жылы) және басқа да мерейтойлық медальдармен, салалық белгілермен марапатталды