Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Теренченко Илья Сергеевич
15-01-2021 14:35
Теренченко Илья Сергеевич

 

Теренченко Илья Сергеевич 1983 жылы Павлодар облысы Павлодар қаласында дүниеге келген. 2004 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2006 жылы Томск мемлекеттік университетін «Қаржы және кредит» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің магистратурасын «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2001 жылдың желтоқсан айында Павлодар қаласының техникалық қызмет көрсету станциясының шебері болып бастады. 2004 жылдың наурызынан 2007 жылдың шілдесіне дейін «Рубеж-ПВ» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2007 жылдың шілдесінен ағымдағы жылдың наурызына дейін – «Гермес-Трейд-ПВ» фирмасы ЖШС директоры. 2014 жылдың наурыз айынан қазан айына дейін Павлодар облысы Павлодар ауданы Кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры қызметін атқарды. 2014 жылдан 2016 жылға дейін «Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылдан 2018 жылға дейін «Nur Otan» партиясының Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 2018 жылдан 2019 жылға дейін – «Nur Otan» партиясының хатшысы. 2019 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін - «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2006 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі.

И.С. Теренченко өзін кәсіби сауатты және жауапты басшы ретінде көрсетті. Мемлекеттік басқару және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелерін жақсы біледі. Саяси жағдайларды жүйелі талдау, жоспарлау және болжау дағдыларын жетік меңгерген. Сапалы және нәтижелі жұмыс істейді. Халықпен, атқарушы және өкілетті билік тармақтарымен, үкіметтік емес ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен диалог құра алады. Ішкі саяси тұрақтылықты нығайту, қоғамды демократияландыру жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бағытында жұмыс істейді.

Илья Сергеевич - аймақтың қоғамдық-саяси өмірінің белсенді қатысушысы. 2017 жылы «Рухани жаңғыру» өңірлік жобалық офисін басқарды, «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының» Басқарушы компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болды. IV, V сайланған Павлодар қалалық мәслихатының және VI сайланған облыстық мәслихаттың депутаты, қалалық мәслихаттың заңдылықты сақтау және азаматтардың құқықтары жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болды. «Партияның 50 тұлғасы» партиялық жобасының қатысушысы. «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезінің делегаты.

И.С. Теренченко бірнеше сайлау науқандарына белсенді қатысты. 2011, 2014, 2015 жылдары сайлау алдындағы науқан кезінде Павлодар облысынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Н.Ә.Назарбаевтың сенімді өкілі, 2019 жылы - Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.К. Тоқаевтың сенімді өкілі, Республикалық сайлауалды штабтың мүшесі болды.

Мемлекеттік награда - «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасы құқық қорғау әскеріне 25 жыл» мерекелік медальдарымен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен, «Nur Otan» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хаттарымен, «Қазақстан полициясына  25 жыл» төсбелгісімен марапатталған.