Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Уразбаев Сайлау Шаймарданович
15-01-2021 14:34
Уразбаев Сайлау Шаймарданович

Уразбаев Сайлау Шаймарданович 1966 жылы Павлодар облысы Ертіс ауданы Кайманачиха ауылында дүниеге келген. 1992 жылы Павлодар индустриялық институтын «Инженер-механик» мамандығы бойынша, 2008 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Павлодар трактор зауытының құрастыру цехында слесарь болып бастаған. 1989 жылы Ертіс ауданы «Иртышское» ОПХ директордың коммерциялық бөлім жөніндегі орынбасары ретінде жұмысқа кірісті. 1996 жылы оның бастамасымен Ертіс ауданының «Арғымақ»шаруа қожалықтарының қауымдастығы құрылды, оған басшылық етті. 2000 жылы С.Ш. Уразбаев «Уразбаев» шаруа қожалығын құрды, оның негізгі қызметі өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, күнбағыс майын, ұн, нан өндіру болып табылады. Ол басқаратын шаруашылық облыстың аграрлық саласындағы табысты және заманауи кәсіпорындардың бірі болып табылады.

2012 жылдан бастап «NurOtan» партиясының мүшесі. IV сайланған  Ертіс аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. 2016 жылғы наурызда VI сайланған Павлодар облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Депутат ретінде ауылдық елді мекендерді абаттандыру, автомобиль жолдарын салу және жөндеу, спорт және балалар алаңдарын орнату мәселелеріне көп көңіл бөледі. Облыстың кәсіпорындары мен шаруа қожалықтарында жастарды жұмыспен қамтуға және жоғары сынып оқушыларын жазғы уақытта жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетеді. Еңбек ардагерлерін, көп балалы және табысы аз отбасыларды қолдау бойынша қайырымдылық қызметіне қатысады.

Мемлекет алдындағы ерекше еңбегі үшін мемлекеттік награда – «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдарымен, Павлодар облысы әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісімен, "ҮЗДІК ДЕПУТАТ - 2020" белгісімен және тағы басқаларменмарапатталған.