Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Чидунчи Ирина Юрьевна
15-01-2021 14:30
Чидунчи Ирина Юрьевна

Чидунчи Ирина Юрьевна 1990 жылы 5 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, жаратылыстану ғылымдарының магистрі, PhD докторы.

Еңбек жолын 2011 жылы «Ертіс-Стандарт» ЖШС Сараптау және сертификаттау ғылыми-практикалық орталығының инженер-экологы болып бастады. 2012 жылдың ақпанынан 2017 жылдың қаңтарына дейін «Ертіс-Стандарт» ЖШС ССҒПО экологиялық тобының жетекшісі болды. 2017 жылғы ақпан-шілде аралығында «ERG Service» АҚ филиалы – Павлодар машина жасау зауытында эколог болып жұмыс істеді. 2017 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Торайғыров университеті» КЕАҚ қауымдастырылған профессоры болып табылады.

Ресей Жаратылыстану Академиясының профессоры.

НААР (АРТА) ұлттық сарапшысы.

Павлодар облысының қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі экологиялық кеңесінің мүшесі.

Нұрсұлтан Назарбаев Қорының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің жобалық кеңсесі «Су ресурстары» бағыты бойынша «Өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді даярлау» жобасының қатысушысы.

«Халықаралық сапарлар» IVLP бағдарламасының қатысушысы, «Ауаның ластануын бақылау: фактілер саясат пен өзгерістерге қалай әсер етеді» тақырыбы бойынша халықаралық тағылымдамадан өту, АҚШ (2020 ж.).

2019 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатында тағылымдамадан өтті.

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі.

Мемлекеттік награда - Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен, сайлау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.