Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Шапуов Кайрат Каирбекович
15-01-2021 14:26
Шапуов Кайрат Каирбекович

Шапуов Кайрат Каирбекович 1960 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысы Лебяжі ауданы Шарбақты ауылында дүниеге келген. Білімі орта арнаулы, Семей топографиялық техникумын «Топограф» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1980 жылы Қарағанды қаласындағы «Союзмаркстреста»  № 309 экспедициясында топограф болып бастаған. 1982 жылдан 1984 жылға дейін Лебяжі ауданында «ТрестИртышсовхозстрой» учаскесінің бастығы болып жұмыс істеді. 1984-1987 жылдары комсомол жұмысында болды. 1987 жылдан 1990 жылға дейін Лебяжі ауданының аудандық мәдениет үйінің директоры болды. 1990 жылдан 1998 жылға дейін «Арман» кооперативінің төрағасы болып сайланды. 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қайрат» шаруа қожалығын басқарады.

«Ауыл» партиясының мүшесі. Қоғамдық қызметпен белсенді айналысады, Павлодар облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасы кеңесінің мүшесі, Аққулы ауданы фермерлер одағының төрағасы.

Мемлекеттік награда – «Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» облыс әкімінің белгісімен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Аққулы ауданының Құрметті азаматы.