Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
Ярошенко Павел Иванович
15-01-2021 14:25
Ярошенко Павел Иванович

Ярошенко Павел Иванович 1974 жылы Павлодар облысы Екібастұз қаласында дүниеге келген. Ак.Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын «Инженер-жылу энергетигі» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1993 жылы Екібастұз ГРЭС-1 жұмысшысы болып бастаған. 1998 жылдан 2007 жылға дейін «Екібастұз жылу желілері» ЖШС-де диспетчерлік қызмет диспетчері, диспетчерлік қызмет бастығы, бас инженер болып жұмыс істеді. 2007 - 2018 жылдар аралығында «Павлодар жылу желілері» АҚ «Екібастұз жылу желілері» ПК бас инженердің орынбасары, «Павлодар жылу желілері» АҚ басқарма бастығының тұтынушылармен жұмыс жөніндегі орынбасары болып еңбек етті. 2018 жылы «Екібастұзтеплоэнерго» ЖШС Екібастұз жылу желілерінің бас инженері болып жұмыс істеді. 2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Екібастұз қаласының «Горводоканал» МКК бас инженердің орынбасары болып қызмет атқарды. 2019 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Горводоканал» МКК бас технологы лауазымында жұмыс істейді.

2019 жылдан бастап «AQ JOL» партиясының мүшесі.