Павлодар облысы мӘслихатының
ресми интернет-ресурсы
Маслихат Павлодарской области
официальный интернет-ресурс
Депутаттар
538/44 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
24-12-2020 19:27

2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы

 

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 75-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы  8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ: 

1. 2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2021 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 303397176 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 36952664 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 1941249 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – нөлге тең;

трансферттер түсімі – 264503263 мың теңге;

2) шығындар – 302942053 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – -4876560 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 3259170 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 8135730 мың теңге;

4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 282157 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 282157 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – нөлге тең;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – 5049526 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 5049526 мың теңге.

2. Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне салықтан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2021 жылға келесі мөлшерлерде үлестіру бекітілсін:

1) корпоративтік табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу,Павлодар, Екібастұз қалаларына – 100 пайыз, Железин ауданына – 9,9 пайыз;

2) төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан жеке табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу, Павлодар, Екібастұз қалаларына – 100 пайыз;

3) төлем көзінен салық салынатын табыстардан және шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына – 100 пайыз, Павлодар, Екібастұз қалаларына – 60 пайыз;

4) әлеуметтік салық бойынша:

Аққулы, Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Май, Павлодар, Тереңкөл, Успен, Шарбақты аудандарына, Ақсу қаласына – 100 пайыз, Павлодар, Екібастұз қалаларына – 60 пайыз.

3. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден облыстық бюджетке салықтардан түскен түсімдердің жалпы сомасын 2021 жылға келесі мөлшерлерде үлестіру белгіленсін:

  1. корпоративтік табыс салығыбойынша Железин ауданынан – 90,1 пайыз;

2) төлем көзінен салық салынатын табыстардан және шетел азаматтарының төлем көзінен салық салынбайтын табыстарынан жеке табыс салығы бойынша:

Павлодар, Екібастұз қалаларынан – 40 пайыз;

3) әлеуметтік салық бойынша:

Павлодар, Екібастұз қалаларынан – 40 пайыз.

4. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте қалалық бюджеттерден облыстық бюджетке жалпы 49809858 мың теңге сомада бюджеттік алымдар ескерілсін, соның ішінде:

Павлодар

  47686402 мың теңге;

Екібастұз

2123456мың теңге;

5. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте аудандар (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне облыстық бюджеттен берілетін субвенциялардың көлемі жалпы 39646706мың теңге сомада ескерілсін, соның ішінде:

Аққулы -                              

3598593 мың теңге;

Ақтоғай-

3616695 мың теңге;

Баянауыл-

4648403 мың теңге;

Железин -

3768011 мың теңге;

Ертіс-                                  

4214964 мың теңге;

Май -                                      

2774309 мың теңге;

Павлодар-                               

4308522 мың теңге;

Тереңкөл -                                    

4310890 мың теңге;

Успен - 

2986516 мың теңге;

Шарбақты-                           

3962832 мың теңге;

Ақсу қаласы-

1456971 мың теңге.

6. 2021 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылу үдерісінде секвестрге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

7. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы ағымдағы трансферттер келесі мөлшерлерде қарастырылғаны ескерілсін:

347932 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға;

86262 мың теңге – мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге;

1214155 мың теңге – көлік инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;

1333979 мың теңге – аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына және елді мекендердің көшелеріне күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жүргізуге;

324200 мың теңге – коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шаралар өткізуге;

121885 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға.

8. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне нысаналы даму трансферттері келесі мөлшерлерде қарастырылғаны ескерілсін:

444659 мың теңге – коммуналдық шаруашылықты дамытуға;

722060 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға немесе жайластыруға;

2871030 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйлерін салуға немесе реконструкциялауға;

1974929 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау жүйесін дамытуға;

1763073 мың теңге – сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

2332893 мың теңге – жылу-энергетикалық жүйені дамытуға;

43992 мың теңге – Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға;

57912 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға;

116001 мың теңге – моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға.

9. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне облыстық бағдарламалар бойынша берілетін республикалық бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттердің көлемі 2021 жылға келесі мөлшерлерде белгіленсін:

110476 мың теңге – мемлекеттік халықты әлеуметтік қорғау ұйымдарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жұмыскерлердің жалақысына қосымша ақылар белгілеуге;

437665 мың теңге – мемлекеттік мәдениет ұйымдарының және архив мекемелерінің басқарушы және негізгі персоналына мәдениет ұйымдарындағы және архив мекемелеріндегі ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақысына қосымша ақылар белгілеуге;

2614321 мың теңге – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті төлеуге;

234392 мың теңге –  үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыруға;

618701 мың теңге – мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз етуге және өмір сүру сапасын жақсартуға;

32933 мың теңге – мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялауға;

3589797 мың теңге – Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде еңбек нарығын дамытуға бағытталған іс-шараларды іске асыруға;

925877 мың теңге –  көлiк инфрақұрылымының басым жобаларын қаржыландыруға;

2671010 мың теңге – халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына және (немесе) аз қамтылған көпбалалы отбасыларға коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғынжайын сатып алуға;

642254 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыруға.

10. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне облыстық бағдарламалар бойынша берілетін республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерінің көлемі 2021 жылға келесі мөлшерлерде белгіленсін:

468228 мың теңге – «Ауыл-Ел бесігі» жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытуға;

8655762 мың теңге – ауылдық елді мекендерде сумен жабдықтау  жүйесін дамытуға;

6386404 мың теңге – сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамытуға;

800000 мың теңге – коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға немесе реконструкциялауға;

1427088 мың теңге – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға немесе орналастыруға;

600784 мың теңге – Өңірлерді дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға;

1062958 мың теңге – моноқалаларда бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға.

11. 2021 жылға арналған облыстық бюджетте мамандарды әлеуметтік  қолдау  шараларын іске асыру  үшін аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне 1597058 мың теңге сомасында кредит беру қарастырылсын.

12. Аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттеріне нысаналы трансферттердің және бюджеттік кредиттердің көрсетілген сомасын үлестіру облыс әкімдігінің қаулысы негізінде анықталады.

13. Функциялардың берілуіне байланысты аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден облыстық бюджетке 2021 жылға арналған трансферттердің түсімдері көзделсін:

білім беру саласында – 66331685 мың теңге;

спорт саласында – 2261905 мың теңге;

ветеринария саласында – 970832 мың теңге.

Аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерден берілетін трансферттердің көрсетілген сомаларының облыстық бюджетке түсімдері облыс әкімдігінің қаулысы негізінде айқындалады.

14. Облыстың жергілікті атқарушы органының 2021 жылға арналған резерві 766562 мың теңге сомасында бекітілсін.

15. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандарға, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтің осы түрлерімен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер қарастырылсын.

16. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

17. Осы шешім 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Павлодар облыстық мәслихатының сессия төрағасы

 

А. Терентьев

Павлодар облыстық  мәслихатының хатшысы

 

Б. Бексеитова