Депутаты
Облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысынан
30-11-2020 17:35
Облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері  жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысынан

Ағымдағы жылдың 30 қарашасында депутат Марина Стрелковскаяның төрағалығымен облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті. Комиссия орман шаруашылығының жай-күйі және оның 2025 жылға дейінгі даму перспективалары туралы мәселені қарастырды. Облыс жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қ.Қ. Сатиев өз баяндамасында Мемлекет басшысының ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі орман қорында және елді мекендерде ағаш отырғызу жөніндегі Жолдауын іске асыру үшін Премьер-Министр орынбасарының тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта облыстық жоспарға көлемдерді ұлғайту бойынша өзгерістер енгізілгенін атап өтті. Осылайша, бес жыл ішінде әкімдіктің қарамағындағы мекемелердің мемлекеттік орман қоры аумағында орман дақылдарын отырғызу 6 еседен аса ұлғайтылатын болады және 5 жыл ішінде барлығы 2 360 га алаңға отырғызуды жүзеге асыру жоспарланып отыр, бұл шамамен 10,5 млн.көшет. Жоспарды іске асыру үшін мекемелер 2021 жылдан бастап ведомстволық бағынысты үш коммуналдық мекемеде қарағай көшеттерін (2 жастағы) отырғызатын материалмен қамтамасыз ету үшін уақытша тәлімбағын құратын болады. Алдымен 2021 жылы ауданы 2,3 га (әр ҚМУ-де 0,8 га) уақытша тәлімбақтарын құру жоспарланған. Алғашқы отырғызу материалы 2023 жылы 2,3 млн. дана көлемінде алынады, бұл жоспар бойынша 510 га алаңға отырғызуды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ «Ертіс орманы» резерваты мен Баянауыл ұлттық паркі жыл сайын 2 865 га алаңға отырғызуды жүзеге асырады, бұл шамамен 12,7 млн. көшет. Нәтижесінде, 5 жыл ішінде облыстың мемлекеттік орман қоры аумағында 16 685 га алаңда 74 млн. астам жасыл желек отырғызу жоспарлануда, елді мекендер аумағында отырғызуға келетін болсақ, әкімдіктер жыл сайын 40 мыңға жуық ағаш отырғызады. Қадамдық жоспардан басқа көлемдерді ұлғайту үшін облыста елді мекендерді көгалдандырудың 2021-2025 жылдарға арналған өңірлік жоспары әзірленуде, ол таяудағы бес жылда елді мекендерде 422 мыңға жуық қылқан жапырақты және жапырақты ағаш көшеттерін (жылына шамамен 80-85 мың дана) отырғызуға мүмкіндік береді, көлемдерді 2 еседен астам ұлғайту жоспарлануда.

Осы мәселе бойынша өрт сөндіруді қамтамасыз ету және орман және дала өрттерінің алдын алу бойынша ерікті өртке қарсы құрылымның жұмысы туралы облыс төтенше жағдайлар департаменті бастығының м.а. С.Т. Асаинов баяндады. Баяндамада ерікті өртке қарсы құрылымды ұстауға ағымдағы жылы облыстың 5 өңіріне - Екібастұз қаласында, Железин, Успен және Шарбақты аудандарында жалпы сомасы 7 млн. теңгеден астам қаражат бөлінгенін атап өтілді. Қалған өңірлерде табиғи өрттерді сөндіру жер пайдаланушылар - ШҚ иелерінің, елді мекендер тұрғындарының қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Республикада алғаш рет Ақсу қаласында «Ақсу қаласының ерікті өртке қарсы және авариялық-құтқару құрылымы» қоғамдық бірлестігі құрылды, ол өртке қарсы құрылымдардың жұмыс істеу, қаржыландыру мәселелерін, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары Е.А. Қамбаров жағалаулық және орманды жаппай демалу, су ресурстары аймақтарының антропогендік ластануын болдырмау жөніндегі шаралар туралы хабарлады. Облыс полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ж.И. Қайыров өз сөзінде жаппай демалу аймақтарының ластануын болдырмау шаралары туралы хабардар етті. Шомылу маусымы кезеңінде облыстық полиция департаменті қоғамдық тәртіпті, демалыс орындары мен шомылу орындарында мүліктің, жол қозғалысының қауіпсіздігін, қылмыстарды азайту, әкімшілік заңнаманы сақтау бойынша алдын алу шараларын қамтамасыз етеді. Жағажайларда, шомылу орындарында демалушылар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Жазғы кезеңде табиғи жағажайларды анықтау жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Коронавирустық пандемияға байланысты биыл жағажай орындары жұмыс істемеді, бірақ ҚР ӘҚБК 425-бабы бойынша карантинді бұзу және әкімшілік жауапкершілікке тарту фактілері орын алды.

Барлық баяндамашыларға депутаттар өз сұрақтарын, ұсыныстарын айтты.

Отырыс қорытындысы бойынша тұрақты комиссияның шешімдері қабылданды.