Депутаты
Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы
23-10-2020 18:09

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 21 қазандағы № 29/334 қаулысымен Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылғы 10 қаңтарға тағайындалды. 

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну мерзімдері 2020 жылғы 4 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін аяқталады. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін тіркеу мерзімінің аяқталуы 2020 жылғы 10 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін белгіленген.

Осыдан бұрын, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» № 21/323 қаулысымен Павлодар облыстық мәслихатына депутаттар саны 32 депутат болып белгіленді.

 

 

 

         

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​