Депутаты
ҚР Парламенті Сенаты жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы
20-10-2020 18:08
ҚР Парламенті Сенаты жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысы

А.ж. 20 қазанда облыстық мәслихат хатшысы Бақыт Бексейітова қалалық және аудандық мәслихат хатшыларымен Парламент Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің отырысына бейнеконференция режимінде қатысты. Отырыс барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының ережелерін түсіндіруге, «Рухани жаңғыру-болашаққа көзқарас» бағдарламасын іске асыруға мәслихат депутаттарының құзыреттілігін арттыру жөніндегі іс-шараларға мәслихаттардың қатысуы талқыланды.

​Барлық деңгейдегі депутаттардың басты міндеттерінің бірі жүйелі негізде халықпен тиімді өзара іс-қимыл жүргізу, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыруды қамтамасыз ету, азаматтардың өтініштерін қарау және қабылдау кезінде формализмге, әуре-сарсаңға салуға, оның ішінде халықтың жергілікті проблемаларын шешуге жол бермеу болып табылатыны атап өтілді. Сайлаушылардың өзекті, неғұрлым маңызды және әлеуметтік маңызы бар мәселелерін анықтау өз құзыреті шегінде ұсыныстар, депутаттық сауалдар дайындауда негізгі болып табылады.