Депутаты
Құрметті Павлодар-Ертіс өңірінің тұрғындары!
27-08-2020 10:12
Құрметті Павлодар-Ертіс өңірінің тұрғындары!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Республикамыздың негізгі Заңы халық бірлігін нығайтып, қазақ жерінде әртүрлі этникалық топтағы адамдардың басын бір шаңырақ астында біріктірді, дамыған экономикасы бар әлеуметтік бағдарланған мемлекетті құру және бірізді демократиялық түрлендірулерді жүргізуге арналған құқықтық іргетасқа айналды. Экономиканың қоғамдық өмірдегі саясаттан басымдылығы туралы еліміздің тұжырымдамасы өзін-өзі дәлелдеп, нарықтық қатынастарға жедел ауысуды қамтамасыз етті, жиналып қалған әлеуметтік проблемаларды шешу үшін жағдай жасады.

Сондықтан да, біздің ортақ міндетіміз – Ата заңымызға ұқыпты қарау, оны қатаң түрде қолдану, оның барлық нормаларын сақтау.

Шын жүректен Сіздерге зор денсаулық, баянды бақыт және амандық, халқымызға береке-бірлік, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының одан әрі гүлденуі мен өркендеуін тілейміз.

 

                                                                                   Облыстық мәслихат депутаттары