Депутаты
Екібастұз қаласына жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру
14-08-2020 15:25
Екібастұз қаласына жұмыспен қамтудың жол картасын іске асыру

   Облыстық мәслихаттың хатшысы Бақыт Бексейітованың төрағалық етуімен мониторингтік топ 13 тамызда Екібастұз өңіріне Жұмыспен қамтудың жол картасы жобаларының іске асырылу мониторингімен келіп, оның барысында Екібастұз қаласындағы 16 объектіде және Солнечный кентіндегі 3 объектіде орындалған жұмыстардың көлемі мен сапасымен танысып өтті. Сапар қорытындысы бойынша Бақыт Мақанқызы 8 объектіде жұмыстардың  кестеден артта қалуын, өңдеу бойынша жұмысшылардың, тас қалаушылардың жетіспеушілігін атап өтті. Мердігер ұйымдардың басшыларымен кездесу барысында жөндеу жұмыстары бойынша түсініктемелер мен ұсынымдар берілді. Мердігер – «Вершина» ЖШС Екібастұз қаласы аулаларының кварталішілік аумақтарын ағымдағы жөндеу және балалар ойын алаңдарын орнату жобалары бойынша орындалатын жұмыстардың төмен сапасы атап өтілді.

     Жалпы, Екібастұз бойынша Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында 11,8 млрд. теңгеден астам сомаға 40 жоба іске асырылып, 1555 адамды жұмысқа орналастыру көзделгенін атап өткен жөн. Қазіргі уақытта 1584 адам жұмысқа орналастырылды.

     Бүгінгі таңда 11 объектіде жұмыстар аяқталып, оларды қабылдау жүргізілді. Қалған 25 объектіні аяқтау оларды іске қосқанға дейін депутаттық бақылауда болады.