Депутаты
СЕНАТОР ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДӘРІХАНАЛАРЫН АРАЛАП ШЫҚТЫ
05-08-2020 14:49
 СЕНАТОР ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДӘРІХАНАЛАРЫН АРАЛАП ШЫҚТЫ

    Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұржан Нұрсипатов облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Батырбек Әлиевпен бірге облыс орталығындағы дәріханалар желісіне барды. Ең алдымен,  сенатор дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің тізбесіне және фармацевтикалық сала кәсіпкерлерінің баға саясатына назар аударды.

    Ол бүгінгі таңда облыс дәріханаларында қызуды түсіретін дәрілерде, антибиотиктер мен жеке қорғаныс құралдарында жетіспеушіліктің, дәріханаларда кезектердің болмауын атап өтті.

    Фармацевтикалық қызмет өкілдерімен қарым-қатынас жасау барысында ол дәріні уақытылы жеткізудің бар проблемаларына, халықтың сұранысына ие белгілі бір дәрі-дәрмектерге ерекше назар аударды, жалпы, дәріханалардың қандай қиындықтармен тап болуына қызығушылық танытты.