Депутаты
Май ауданында сенатормен кездесу
04-08-2020 17:22
Май ауданында сенатормен кездесу

2020 жылғы 04 тамызда Май ауданына жұмыс сапарымен Павлодар облысынан Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты, халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Н.Нұрсипатов келді. Сапар аудандық мәслихат хатшысы Ғ.Арыновтың қатысуымен аудан әкімі М.Ақтаев және оның орынбасарларымен  кездесуден басталды.

Сонымен қатар сенатор Май ауданы мәслихаты аппаратының ұжымымен кездесті.

Сенатор аудандық мәслихат хатшысы Ғ.Арыновпен аудан орталығындағы ұйымдар мен объектілерге барды. Бірінше кезекте Көктөбе ауылында орналасқан аудан орталығындағы дәріханаға жұмысымен танысып, бүгінгі күні дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесімен танысты. Барлық дәрі-дәрмектер бар (антипиретикалық, жүрек-тамыр және т.б.).  

Келесі барған нысан Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі болды, онда Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша жүгіру жолы мен футбол алаңына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстарының барысымен спорт мектебінің директоры С.Отаров таныстырды. Кестеден ауытқу жоқ.