Депутаты
Қоғамдық кеңес мониторингі
22-05-2020 11:23
Қоғамдық кеңес мониторингі

Павлодарда ағымдағы жылдың 21 мамырында Ертіс өзенінде маса мен шіркей дернәсілдерін жою бойыншажұмыстардың кезекті кезеңі өтті. Облыстық қоғамдық кеңес мүшелері жұмыс топтары құрамында жүргізіліп жатқан  жұмыстар мониторингіне қатысты. Қоғамдық кеңес мүшесі Олег Николашиннің айтуынша, жүргізіліп жатқан ұйымдастырушылық жұмыс шыбын-шіркеймен күреске қарсы қабылданып жатқан шаралардың тиімділігіне қатысты қанағаттандырушылық пен сенімділік  тудырды. Жақында жұмыстар Ақтоғай және Тереңкөл ауданында өзеннің төмен қарай ағысы бойынша жалғастырылатын болады.