Депутаты
Құрамында сынап бар контейнерлер мен ағаштардың жағдайын мониторингілеу
13-05-2020 17:43
Құрамында сынап бар контейнерлер мен ағаштардың жағдайын мониторингілеу

Облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Стрелковская Марина «Eco Jer» ЗТБ-мен бірлесіп қалдықтарды жою бойынша, контейнерлер мен жасыл екпелердің жағдайына мониторинг жүргізді.

Барлығы 26 аулалық алаңдар тексерілді. Солардың ішінен 6 контейнер қанағаттандырылған жағдайда, 3 контейнер жарамсыз және қалған 17 аулада  аталған контейнерлер мүлдем жоқ. Сондай-ақ, кейбір мекенжайларда, мысалы, Камзин 66, Павлов 27 көшелерінде мақсатсыз пайдалану, вандализм фактілері байқалады.

«Тұрмыстық қалдықтар өзінен-өзі пайда болмайды. Қызмет көрсету ұйымдары контейнерлер мен үйінділердің санитариялық жағдайын тексеріп отыруға міндетті. Ақпараттық-ағарту жұмысына ерекше назар аудару қажет, өйткені азаматтардың көбі қауіпті қалдықтарды әдеттегі контейнерлерге тастап, бөлек жинау қажеттілігін әлі біле қоймайды, соның салдарынан одан әрі ауаның, судың, топырақтың ластану фактілері орын алады. Мұндай қалдықтарды бөлек жинау ірі кәсіпорындардан бастап барлық жерде ұйымдастырылуы тиіс екендігі жайлы білетіндер санаулы. Ең бастысы, тұрғындар 1-2 класс қауіптілігі бар қалдықтарды дұрыс тапсыру және кәдеге жарату үшінқайда хабарласатынын білуі тиіс», - деп атап өтті Марина Стрелковская.

Өткен жылы салынған жасыл екпелер санынан жерсінбеген, кеуіп қалған екпелер бар. Осы ағаштардың жерсінуі мен өміршеңдігін бақылауға алып, оларды мүмкіндігінше ауыстыру қажет. Биыл қаланы көгалдандыру бойынша бірқатар жұмыстар жоспарлануда.      

Жүргізілген мониторинг қорытындылары бойынша Павлодар қаласы әкімдігінің аппаратына депутаттық сауал жолданды.